Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесі

  1. Кіріспе бөлігі
  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг мәні:

Ветеринария саласындағы «Маңғыстау облысының ветеринария                  басқармасы» ММ қызметі.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті: «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингі мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы жүргізді. Электронды мекен-жай vetupr@mangistau.gov.kz,  басқарманың ресми интернет – ресурсы: vetupr.kz. тел. 8/7292/605012, 8/7292/605013.
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу кезеңі: 14.11.2016 ж. басталды,  18.11.2016 ж аяқталды.
  3. Бақыланатын кезең: «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» ММ 2016 жылғы 3- тоқсандағы қызметі.

 

ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім

         Маңғыстау облысы әкімдігінің  2015 жылғы 11 наурыздағы № 66 «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесін құру туралы қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес Маңғыстау  облысының ветеринария басқармасы Маңғыстау аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған  ветеринария  саласындағы қызметтерді жүзеге асырады. Ережеде аталған қызметтерде Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңынан ауытқулар жоқ. Ветеринария басқармасына ветеринария саласындағы қызметтерді атқаруды ұйымдастыру бойынша 28 қызмет жүктелген. Рұқсат беру және бақылау қызметтері бар, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетеді. Ветеринария басқармасы туралы Ереже негізінде ветеринария басқармасының бөлімдері туралы ережелер әзірленіп, бекітілген.

2016 жылдың 3-тоқсанында ветеринария басқармасының штат саны 11 бірлікті, нақты 7 құрады. 4 бос орын бар: 1 - бөлім басшысы, 3 – бас маман.

Ветеринария басқармасы басшысының 2016 жылғы 06 қыркүйектегі            № 04-05/34 н/қ бұйрығымен мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары бекітілген. Барлық мемлекеттік қызметшілер бекітілген біліктілік талаптарына сай.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ветеринария басқармасы басшысының бұйрықтарымен  тәлімгерлік, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді орындалысын  бақылау  және конкурстық комиссиялар құрамдары бекітілген.

Ағымдағы жылдың 3-тоқсанында бос лауазым орындарына орналасуға    2 ішкі конкурс өткізілді.

Ветеринария басқармасының мемлекеттік қызметшілері тарапынан әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылықтар, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің нормаларын бұзған, мүдделер қақтығысы, еңбек тәртібін бұзған, тәртіптік жауапкерлікке тартылғандар фактілер жоқ.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, азаматтар мен мемлекеттік қызметшілерді қабылдау кестесі  туралы  ақпарат,  сенім телефонының нөмірі, мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі ветеринария басқармасының ғимаратының 1-қабатында қабырғаға орналасқан.

Азаматтар мен заңды тұлғалардан қолданыстағы заңнаманы бұзу мәселелері бойынша өтініштер, қызметкерлердің әрекетіне шағымдар түсті. Шағымдар бойынша уәкілетті органдар тексеріс жүргізуде.

Бұқаралық ақпарат құралдарында ветеринария басқармасы  мен мемлекеттік қызметшілерінің атына теріс жарияланымдар жоқ.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында белгіленген.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары көрсетілетін қызметті берушілердің орналасқан жерлерінде (басқарманың орналасқан жері 23 ш/а, 100 үй ғимарат дәлізінде), интернет-ресурстарында және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылған.

Мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттері, тәртібі, басқарманың 2015 жылға және 2016 жылдың 1 қазанына дейінгі мемлекеттік қызмет көрсету бойынша аналитикалық есебі басқармада 8 қараша айында құрылған ресми интернет ресурс веб-сайтында /vetupr.kz/  ұдайы жарияланып тұрады.  

26.12.2014 жылғы №986 Жарлығымен бекітілген ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының 4.5 –бөлімінің /сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру/ және ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» Заңының 9 - бабының /сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру/ талаптарын орындау мақсатында, Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы  «Өзіңнен баста» акциясы бойынша басқарма басшыларының табыс салығы мен мүлкі туралы ақпарат  2016 жылдың 26 шілдедегі № 126 «Маңғыстау», №126 «Огни  Мангистау» газеттерінде жарияланды. Осы акция бойынша ақпараттар  кейіннен басқарманың жаңадан құрылған интернет – ресурсында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» баннерінде орналастырылды.

Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың 9 қарашасында басқарма қызметкерлері мен Ақтау қалалық ветеринария және ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметкерінің қатысуымен «Ветеринария саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету туралы» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.  Дөңгелек үстел барысында мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қолданыстағы заңнама нормаларын қатаң сақтау қажеттілігі, олардың сапасын арттыру және қызмет алушылардың құқығын бұзуға жол бермеу туралы атап көрсетілді.

Ағымдағы жылдың 25 тамызында Ақтау қалалық прокуроры М.Тойжаннан «Елнар» ЖШС – нің басшысы А.Ш.Ерғалиевтың  «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша басқармадан   аталмыш қызмет түрін беруге бас тартылғаны жөнінде шағымына құқықтық түсініктеме беруге басқармаға хаты түсті. Аталған шағым бойынша бас тартылудың негізділігін қолданыстағы Заңдар мен тәртіппен айқындаған басқарманың 07.09.2016 жылы №01-01/ЗТ-Е-01 санды жауап хаты жолданды. Бас тартудың негізділігі қанағаттандырылды.

«Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне , сондай – ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс  объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру» бойынша басқармада көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты 01.01.2016 ж - 31.10.2016 жыл кезеңінде көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар болған жоқ.

Басқармада  Маңғыстау облысы ветеринария басқармасы басшысының 2016 жылғы 8 қаңтардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтудің 2016 жылға арналған  іс - шаралар  Жоспарына сәйкес, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын - алу және жол бермеу бойынша үнемі жұмыс жүргізеді.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                             ІІІ. Қорытынды бөлім.

Ветеринария басқармасында тұрақты негізде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын алу және жол бермеу, сыбайлас жемқорлық көріністеріне ұжымның теріс қатынасын қалыптастыру бойынша қажетті  шаралар қабылданады.

2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ветеринария басқармасының қызметкерлері жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық жауапкершілікке тартылған жоқ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  бойынша шаралар одан әрі күшейту, оның тиімділігін арттыру мақсатында:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жоспардың іс-шараларын орындау;

қолданыстағы заңнамаларды және оларға енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды түсіндіру бойынша жаппай құқықтық оқыту жүргізу;

сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған түсіндірмелі жұмыстар жүргізілуде.