Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 қарашадағы № 338 «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңдарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 757 «Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің  Мемлекеттік тізілімінде № 12939  болып тіркелген) сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1.  

«Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тізілімінде  № 2898 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде және «Маңғыстау» газетінде 2015 жылғы 29 желтоқсанда жарияланған)   мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық бақылау және қадағалау обьектілеріне ветеринариялық – санитариялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

4 бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«4. «Азаматтарғаарналғанүкімет»мемлекеттіккорпорациясымен

және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау».

көрсетілген қаулымен  бекітілген «Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс обьектілеріне тіркеу нөмірлерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

4 бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«4. «Азаматтарғаарналғанүкімет»мемлекеттіккорпорациясымен

және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібі, сондай - ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау».

көрсетілген қаулымен  бекітілген «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға  лицензия  беру» мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет  регламентінде:

4 бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«4. «Азаматтарға  арналған   үкімет» мемлекеттік  корпорациясымен   және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс - қимыл тәртібі, сондай - ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау».

көрсетілген қаулымен  бекітілген «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

4 бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«4. «Азаматтарға  арналған   үкімет» мемлекеттік  корпорациясымен   және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау».

көрсетілген қаулымен  бекітілген «Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

4 бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«4. «Азаматтарға  арналған   үкімет» мемлекеттік  корпорациясымен   және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс - қимыл тәртібі, сондай - ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау».

2. «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Ш.Хамиев) осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және  бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет -ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы  қаулының орындалуын бақылау  облыс әкімінің орынбасары             Р.М. Әміржановқа жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Облыс әкімі                                                                      А. Айдарбаев