«Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» ММ 2016 жылғы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету жөніндегі жұмысы туралы есебі

«Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» ММ 2016 жылғы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету жөніндегі

жұмысы туралы есебі

 

Жалпы ережелер

 

1) «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) – ветеринария саласында заңнамада белгіленген шегінде басшылықты жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган. Басқарманың ведомствосы жоқ.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөніндегі ақпарат:

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары әзірленген мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрінің жалпы саны – 3:

«Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру»;

«Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау»;

Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру».

Жоғарыда аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына, 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1189 өзгерістерімен бірге 2013 жылғы №983 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне, стандартқа (ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.05.2015 жылғы № 7-1/418) және мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне (Маңғыстау  облысы  әкімдігінің  2015 жылғы 04 қарашадағы № 338 қаулысы) сәйкес Ветеринария басқармасымен көрсетіледі.

«Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» және «Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтері баламалы негізде «Электрондық үкімет порталы» (бұдан әрі - ЭҮП) және Е-лицензиялау порталы арқылы көрсетіледі.

«Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі ҚР АШМ ББАЖ (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Басқарудың біріңғай ақпараттық жүйесі) порталы  арқылы көрсетіледі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі – 0;

тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрінің саны – 1;

ақылы негізде көрсетілетін мемлекттік қызмет түрінің саны – 1;

электронды түрінде көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрінің саны – 3;

бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының саны –3;

бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің саны – 3;

 

3) Неғұрлым көп қажет етілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

2016 жылғы мемлекеттік көрсетілген қызмет санына санына сәйкес, неғұрлым көп қажет етілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру» – 49 болып табылады.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша «Ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру» туралы – 4  өтiнiш түстi, ол «Е-лицензиялау» базасына тiркелдi.

«Ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың аттестациясы» жөнiндегi мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша өтiнiш есеп кезеңiнде болмады.

 

Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі жөніндегі ақпараттың дереккөздері және алуға болатын орындары туралы мәліметтер

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі жөніндегі ақпарат, оның ішінде электрондық нұсқасы Ветеринария басқармасының Интернет-ресурсында, Басқарма ғимаратының дәлізіндегі ақпараттық тақтада, өзгерістерге сәйкес үнемі жаңартылып отыратын ЭҮП-да орналастырылған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру жөнінде түсіндіру жұмыстарын жандандыру бойынша: Ветеринария басқармасымен ведомстволық Интернет-ресурстағы ақпараттық мәліметтер жаңартылды, сайтта орналастырылған 2015 жылғы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша есеп берулер әзірленді. www.egov.kz веб-порталында ветеринария саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын әзірлеуші органға қатысты ақпарат, көрсетілетін қызметті алушылар, көрсетілетін қызметті ұсыну орны, құны, қызмет көрсету мерзімдері, көрсетілетін қызметтің толық атауы, онлайн қызметті қалай алуға болатыны, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі, сондай-ақ қызмет көрсетуге қажетті құжаттар тізімі орналасқан.

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары жобаларын көпшілікпен талқылау туралы ақпарат.

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының 10-бабы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын әзірлеу және бекіту орталық мемлекеттік органдардың өкілетіне жатқызылған.

3) Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үдерісінің айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттасулар және басқалар).

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сапасын арттыру, көрсетілетін қызметті алушыларды қызмет көрсету тәртібімен ақпараттандыру жөнінде 2016 жылы Ветеринария басқармасымен аудандық ветеринария бөлімдері, «Ветстанция» МКК ветеринарлық мамандарымен, облыстық және аудандық деңгейдегі басқа да ветеринария қызметтерімен, БАҚ және облыс ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен тығыз байланыста 2  іс-шара өткізілді.

2016 жылдың 17 мамырында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының өкілдерімен бірге басқармада 15.04.2013 жылғы «Мемлекеттік қызмет көрсету» Заңын талқылау мақсатында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында ветеринариялық саладағы мемлекеттік қызмет көрсетуді  жетілдіру және нәтижелерін қарастыру бойынша ұсынымдар қабылданды.

Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында 2016  жылдың 9 қарашасында басқарма қызметкерлері мен Ақтау қалалық ветеринария және ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметкерінің қатысуымен «Ветеринария саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қолданыстағы заңнама нормаларын қатаң сақтау қажеттілігі, олардың сапасын арттыру және қызмет алушылардың құқығын бұзуға жол бермеу туралы атап көрсетілді.

 

3.Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібі процесстерін жетілдіру жөніндегі жұмыс

 

1)Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету тәртібі процесстерін оңтайландыру нәтижелері.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабын орындау барысында, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің  2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығына (Ветеринария саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы) сәйкес Ветеринария басқармасымен регламенттер әзірленді, ол Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 04 қарашадағы № 338 «Ветеринария саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысымен бекітілді және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 07 желтоқсанда № 2898 болып тіркелді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібінің тиімділігін арттыру мақсатында ветеринария басқармасының  2 маманы «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбына мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін көтеру бойынша оқу семинарының курсынан өтті.

Сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарға жол бермеу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібі туралы көрсетілетін қызметті алушыларды хабардар ету, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру, БАҚ және халықпен бірлескен іс-қимылды және кері байланысты қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар тұрақты негізде жүргізілуде.

Сонымен қатар, 2016 жылы тамызда айында Басқарманың қызметіне 2 тоқсан бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді, оның нәтижесі бойынша талдамалы анықтама жасалды және Басқарма порталында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл» бөлімінде  жарияланды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттері көрсетілетін қызметті берушілердің орналасқан жерлерінде (басқарманың орналасқан жері 23 ш/а, 100 үй ғимарат дәлізінде), интернет-ресурстарында және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылған.

Мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттері, қызметтерді көрсету тәртібі, басқарманың 2015 -2016 жыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету бойынша аналитикалық есебі басқарманың веб-сайтында /vetupr.kz/  жарияланған.  

2016 жылдың  12 айында Басқарма «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» және «Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру» бойынша  - 53 қызмет көрсеткен.

  «Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі 2015-2016 жылдары көрсетілген жоқ, өйткені аталған көрсетілетін қызметті алушылардан өтініштер түскен жоқ.


      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету сапасына бақылау


1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

Есеп беру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзушылықтар, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуден негізсіз бас тартулар және ауытқулар тіркелген жоқ.

Ағымдағы жылдың 25 тамызында Ақтау қалалық прокуроры М.Тойжаннан «Елнар» ЖШС – нің басшысы А.Ш.Ерғалиевтың  «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша басқармадан   аталмыш қызмет түрін беруге бас тартылғаны жөнінде шағымына құқықтық түсініктеме беруге басқармаға хаты түсті. Аталған шағым бойынша бас тартылудың негізділігін қолданыстағы Заңдар мен тәртіппен айқындаған басқарманың 07.09.2016 жылы №01-01/ЗТ-Е-01 санды жауап хаты жолданды. Бас тартудың негізділігі қанағаттандырылды.

«Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне , сондай – ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс  объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру» бойынша басқармада көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты 01.01.2016 ж - 31.12.2016 жыл кезеңінде көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар болған жоқ.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігінің алдағы болашағы және көрсетілетін қызметті алушылардың сапаға қанағаттануын арттыру

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәртібін жеңілдету, әкімшілік кедергілерді жою, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің халыққа қол жетімділігін арттыруға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.