МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫ БОЙЫНША 2015 ЖЫЛДЫҢ 12 АЙЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАҒЫТЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ШАРАЛАР ТУРАЛЫ


Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 11 наурыздағы №66 «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы»   мемлекеттік мекемесін құру туралы Қаулысына сәйкес 2015 жылдың наурыз айында басқарма жаңадан құрылды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында
2015 жылдың  6 сәуір күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс - шара Жоспары бекітілді. Осы іс-шара жоспарына сәйкес, басқарманың оқу кестесі жасалып, айына бір рет басқарма қызметкерлерінің қатысуымен аппараттық  оқулар ұйымдастырылған. Қызметкерлерді жұмыс барысында қажетті нормативтік-құқықтық актілермен қамтамасыз ету мақсатында, әрбір қызметкерге  «Әділет»  ҚР нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі электрондық заң базасы орнатылған.

Басқармада қызмет жасайтын әрбір қызметкерге өзіне белгілі болған сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар хабардар болған жағдайда, құқық қорғау органдарының назарына немесе өзінен жоғары басшыларына жеткізуге міндетті екендігі, осы міндетті орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылатындығы жөнінде ескертілген. Басқарма бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң талаптарын сақтауда қызметшілердің іс қимылдарында теріс қылықтардың белгісі анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасының нормаларын бұзған фактілер орын алған жоқ. Сонымен қатар, «ҚР Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарына сәйкес басқарманың барлық қызметкерлеріне мүдделер қақтығысының қағидалары мен талаптары жазбаша нысанда таныстырылды және басшылық тарапынан үнемі бақылауда болды.

         Басқармада жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын қарау, олардың оң шешімін табуы тиісті заңдылықтарға сәйкес жолға қойылған. Сонымен бірге, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқарма басшылығына кедергісіз жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында  басқарма басшысы мен орынбасарының азаматтарды жеке қабылдау кестесі бекітілді және 60-50-12 «Сенім телефоны» жұмыс жасайды. Бұған қоса, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау жәшігі жұртшылыққа қолжетімді, басқармаға кіре беріс жерге орналастырылды.

    Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс Кодексі туралы стенді әзірленіп, басқармада көпшілікке көрінетін жерге ілінді. Қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерден (әрекетсіздіктен) сақтандыру, алдын алу және болдырмау мақсатында құқықтық оқулар өтікізу мақсатында 2015 жылдың 26 наурызында басқарма басшысының міндетін атқарушы И.Көшкінбаевтың басқарма қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін және құқықтық деңгейін арттыру бағытында 2015 жыл көлемінде өткізілетін құқықтық оқудың жоспары бекітілді.

Бекітілген жоспарға сәйкес 2015 жылдың 01 сәуір - 13 қараша аралығында басқарманың қызметкерлерінің арасында «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 03.05.2005 жылғы №1567 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі» туралы, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 10.03.2000  жылғы № 357 Жарлығымен бекітілген «Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы» Ережесі, «Мемлекеттік сатып алу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларына енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулар туралы»,  2002 жылы 10 шілдеде заңды күшіне енген «ҚР Ветеринария туралы Заңы» т/б  тақырыптарда құқықтық оқулар өткізілді.

Сонымен қатар, басқармада заң бұзушылықтың алдын алу бағытында 2015 жылдың 10 қыркүйегінде басқарма басшысының м.а. Ш.Хамиевтың төрағалығымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіліп, оған  басқарма қызметкерлері қатынасып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары қызу талқыланды. Басқармада мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған қызметшілердің мемлекеттік кірістер органына табыстары мен мүліктері туралы декларация тапсыру жағдайын, онда мәліметтердің толық көрсетілуін зерттеу жұмыстары  ұдайы жүргізіліп келеді.

    Басқармада мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің табыстары мен мүліктері туралы декларацияларын заңда көрсетілген мерзімнен кешіктіріп тапсыру жағдайы орын алған жоқ.  

    Басқарма қызметшілері тарапынан қызмет этикасының қатаң сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жыл басынан бері осы уақытқа дейін қызметке алғаш қабылданған барлық қызметшілерге мемлекеттік қызметте болуға байланысты «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңдарының және Мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексінің талаптары қолдарын қойдыру арқылы жеке-жеке таныстырылды және жұмыс уақытында және одан тыс кезеңдерде қызметтік этиканы қатаң сақтау қажеттігі  барлық  қызметшілерге ескертілді. Сондай-ақ, қызметкерлердің мемлекеттік қызмет этикасын бұзу және сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтардың кез-келген көріністеріне жедел әрекет ету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарындағы  жарияланымдарға мониторинг жүргізіп отыру жұмыстары жолға қойылды.

    Есепті мерзімде басқарма қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық әрекеттер жасау және осындай әрекеттері үшін тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жаза қолдану деректері тіркелген жоқ.  Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстары туралы ақпаратты Маңғыстау облысы әкімдігінің веб-порталында орналастыру, бұқаралық ақпарат құралдарына мақала жариялау белгіленген. Басқарманың іс-шаралар жоспары бойынша және басқарма қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, болдырмау бағытында атқарылған шаралар облыс әкімдігінің ресми веб-порталындағы басқарманың сайтына жарияланды.

«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Стратегиясы» негізінде басқарманың 2015 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы және күрес бойынша  іс – шара  жоспары толығымен және мерзімде орындалды.