МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫ БОЙЫНША 2016 ЖЫЛДЫҢ 12 АЙЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС - ҚИМЫЛ БАҒЫТЫНДАҒЫ АТҚАРЫЛҒАН ШАРАЛАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ


Маңғыстау облысы әкімдігінің  2015 жылғы 11 наурыздағы № 66 «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесін құру туралы қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес Маңғыстау  облысының ветеринария басқармасы Маңғыстау облысы аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған  ветеринария  саласындағы қызметтерді жүзеге асырады.

Басқармаға ветеринария саласындағы қызметтерді атқаруды ұйымдастыру бойынша 28 қызмет жүктелген. Рұқсат беру, бақылау  және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетеді. Ветеринария басқармасы туралы Ереже негізінде басқарманың бөлімдері туралы ережелер әзірленіп, бекітілген.

2016 жылы ветеринария басқармасының штат саны 11 бірлік, нақты жұмыс жасайтындар- 9. 2 бос орын бар: 2 – бас маман.

Ветеринария басқармасы басшысының 2016 жылғы 06 қыркүйектегі            № 04-05/34 н/қ бұйрығымен мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары бекітілген. Барлық мемлекеттік қызметшілер бекітілген біліктілік талаптарына сай.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқарма басшысының бұйрықтарымен  тәртіптік  және конкурстық комиссиялар құрамдары бекітілген.

2016 жылы ветеринария басқармасының мемлекеттік қызметшілері тарапынан жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілер тіркелген жоқ.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, азаматтар мен мемлекеттік қызметшілерді қабылдау кестесі  туралы  ақпарат,  сенім телефонының нөмірі, мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі  басқарма ғимаратының 1-қабатында қабырғаға орналасқан.

Бұқаралық ақпарат құралдарында ветеринария басқармасы  мен мемлекеттік қызметшілерінің атына теріс жарияланымдар жоқ.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында белгіленген.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары көрсетілетін қызметті берушілердің орналасқан жерлерінде (басқарманың орналасқан жері 23 ш/а, 100 үй ғимарат дәлізінде), интернет-ресурстарында/vetupr.kz/   және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылған.

Мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттері, тәртібі, басқарманың 2015 - 2016 жылға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша аналитикалық есебі басқарманың ресми интернет ресурс веб-сайтында /vetupr.kz/ тұрақты жарияланып тұрады.  

 

26.12.2014 жылғы №986 Жарлығымен бекітілген ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының 4.5 –бөлімінің /сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру/ және ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» Заңының 9 - бабының /сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру/ талаптарын орындау мақсатында, Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы  «Өзіңнен баста» акциясы бойынша басқарма басшыларының табыс салығы мен мүлкі туралы ақпарат  2016 жылдың 26 шілдедегі № 126 «Маңғыстау», №126 «Огни  Мангистау» газеттерінде жарияланды. Осы акция бойынша ақпараттар  кейіннен басқарманың жаңадан құрылған интернет – ресурсында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» баннерінде орналастырылды.

2016 жылдың 17 мамырында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының өкілдерімен бірге басқармада  «Мемлекеттік қызмет көрсету» Заңын талқылау мақсатында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында ветеринариялық саладағы мемлекеттік қызмет көрсетуді  жетілдіру және нәтижелерін қарастыру бойынша ұсынымдар қабылданды.

2016 жылдың 15 шілдесінде басқарма басшысының төрағалығымен және бөлім басшылары мен мамандардың қатынасуымен «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауда Заң нормаларын қатаң сақтау туралы» және «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңының талаптарын кеңінен түсіндіру туралы кеңейтілген мәжіліс өткізілді. Мәжіліс қорытындысында басқарманың бөлім басшыларына басқармаға келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз мерзімінде, сапалы қарау және өтініш жасалған тілде жауап берілу қажеттігін, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңының талаптарына сәйкес басқарманың болашақта ресми сайтында азаматтардың қол жетімді ақпаратты иеленуіне жағдай жасауды қамтамасыз етуді үнемі бақылауда ұстауды тапсырды.

2016 жылдың 7 – қыркүйегінде басқарма қызметкерлері мен Ақтау қалалық ветеринария және ауыл шаруашылығы бөлімінің өкілдерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары» тақырыбында жиналыс өткізілді.Отырыс барысында басқарма басшысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл заңнамаларындағы жаңа өзгерістерге тоқталып, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі тақырыбы бойынша сөз қозғады. Іс-шара аясында басқарманың ұйымдастыру – құқықтық және кадр қызметі бөлімінің басшысы Ш.Қонарбаева «100 Нақты қадам» Ұлт жоспары, «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы» механизмдерінің жүзеге асуы туралы кездесу қатысушыларын хабардар етті.Тындалған ақпарат тындаушылар арасында қызығушылық танытты және осындай іс-шараларды тұрақты негізде өткізуге ниеттерін білдірді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында 2016  жылдың 9 қарашасында басқарма қызметкерлері мен Ақтау қалалық ветеринария және ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметкерінің қатысуымен «Ветеринария саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.  Дөңгелек үстел барысында мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қолданыстағы заңнама нормаларын қатаң сақтау қажеттілігі, олардың сапасын арттыру және қызмет алушылардың құқығын бұзуға жол бермеу туралы атап көрсетілді.

2016 жылдың 25 қарашасында  ветеринария басқармасында «Cыбайлас жемқорлықпен күрес – баршаның міндеті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.  Аталған іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Е.Жұмабай, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының құқық қорғау органдармен жұмыс, жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің бас маманы Ж.Адаева және басқарма қызметкерлері  қатысты. Дөңгелек үстел барысында басқарма басшысы Ш.Хамиев Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл заңнамаларындағы жаңа өзгерістерге тоқталып, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі тақырыбы бойынша сөз қозғады. Лектор Е.Жұмабай сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларының негізгі бағыттарына соның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік шыдамдылық принциптерін қалыптастыру тақырыбына толықтай тоқталып өтті. Іс-шара аясында басқарманың ұйымдастыру – құқықтық және кадр қызметі бөлімінің басшысы Ш.Қонарбаева «100 Нақты қадам» Ұлт жоспары, «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы» механизмдерінің жүзеге асуы және басқарманың «2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясы негізінде Маңғыстау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері  бойынша іс-шаралар Жоспарына» сәйкес басқарма бойынша атқарылған шаралар туралы дөңгелек үстел  қатысушыларын хабардар етті. Сонымен қатар іс-шарада басқарманың қаржы және есеп бөлімінің бас маманы А.Сәрсенғалиев «Мемлекеттік сатып алу кезіндегі ашықтықты қамтамасыз ету» тақырыбында баяндамасын оқыды. Кездесуге қатысушылар сыбайлас жемқорлықты алдын алу бүгінгі таңда ең басты мақсат, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру механизмдерін қолданып бүгінгі және келешек ұрпақтар үшін қолайлы жағдай құру керек деген  ортақ пікірге келді.

«Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің №338 қаулысына сәйкес, жеке және заңды тұлғаларға ветеринария саласында аудан, қала әкімдіктерімен - 3 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.

Сонымен қатар, қызмет көрсету сапасын жақсарту және қызмет алушыға ыңғайлы болу үшін «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру»  Е-лицензиялау порталы арқылы көрсетіледі және «Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі ҚР АШМ ББАЖ (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Басқарудың біріңғай ақпараттық жүйесі) порталы  арқылы көрсетіледі.

2016 жылдың 25 тамызында Ақтау қалалық прокуроры М.Тойжаннан «Елнар» ЖШС – нің басшысы А.Ш.Ерғалиевтың  «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша басқармадан   аталмыш қызмет түрін беруге бас тартылғаны жөнінде шағымына құқықтық түсініктеме беруге басқармаға хаты түсті. Аталған шағым бойынша бас тартылудың негізділігін қолданыстағы Заңдар мен тәртіппен айқындаған басқарманың 07.09.2016 жылы №01-01/ЗТ-Е-01 санды жауап хаты жолданды. Бас тартудың негізділігі қанағаттандырылды.

Сондай ақ, басқармада ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі және басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық  және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, және алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Басқарманың интернет ресурсында сенiм телефоны, азаматтарды тоқсан сайын қабылдау кестесi, жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын қарастыру барысы туралы ақпараттар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы заңнамалар және iс-шаралар жоспары орналастырылған.

2016 жылғы 12 айында басқармаға 7 арыз-шағым, (соның iшiнде, жеке тұлғалардан – 6, заңды тұлғалардан – 1)  түстi. Барлық түскен арыз-шағымдар мерзiмiнде және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» ҚР  Заңына сәйкес тәртiпте қарастырылылды.

2015 жылдың қорытындысы бойынша барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілер мүліктері мен табыстары туралы декларацияларын толығымен облыстық кірістер департаментіне 2016 жылдың 31 наурызына дейін тапсырды.

Басқармада мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің табыстары мен мүліктері туралы декларацияларын заңда көрсетілген мерзімнен кешіктіріп тапсыру жағдайы орын алған жоқ. 

Басқармада  Маңғыстау облысы ветеринария басқармасы басшысының 2016 жылғы 8 қаңтардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтудің 2016 жылға арналған  іс - шаралар  Жоспарына сәйкес, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын - алу және жол бермеу бойынша  жұмыстар тұрақты  жүргізілді.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                             Елбасының 26.12.2014 жылғы  №  986 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стратегиясына» сәйкес басқарманың 2016 жылға арналған іс – шаралар  жоспары толығымен орындалды.