Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың конституциялық реформа туралы Үндеуі жұмыс кеңесінде түсіндірілді

 

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 25 қаңтардағы өкілеттіліктерді мемлекеттік билік тармақтары арасында қайта бөлу мәселелеріне қатысты Үндеуін түсіндіру мақсатында  ағымдағы жылдың 9 ақпанында  басқарма ұжымының қатысуымен  басшы орынбасары И.Көшкінбаевтың жұмыс кеңесі өткізілді.

Өз сөзінде басшы орынбасары И.Көшкінбаев ел Президентінің ұсынып отырған конституциялық реформасының мәні мен мағынасына түсінік бере отырып, «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасында көрсетілген өзгерістерге егжей-тегжейлі тоқталып, Президенттің билік өкілеттіліктерін Парламент пен Үкімет арасында бөліп, бекітудің маңызын түсіндірді.