Наурыз Мейрамы!

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Ұлыстың ұлы күнi — Наурыз мерекесi баршамызға құтты болсын, бақыт әкелсiн!

Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз қай кезде де еңсесi биiк елдiктiң, iргесi сөгiлмес бiрлiктiң, ырыс пен ынтымақтың мерекесi болып қала бермек.

Қазақстан халқы үшiн Наурыз мейрамы — көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейi тасыған ұлы мереке. Наурыз — көктемгi жаңарудың, махаббаттың, ақ пейiл мен татулықтың мерекесi. Ол — өткендi саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең.

Отанымызға — береке, халқымызға — игiлiк, мемлекетiмiзге — молшылық, әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тiлеймiз.

Елiмiз өркендеп, Наурыз баршамызға ынтымақ пен сәттiлiк алып келсiн!

 

Игi тiлекпен
МО ветеринария басқармасының

ұжымы