Құқықтық жаппай оқыту — декларация тапсыру тәртiбi


 

2017 жылғы 14 наурызда «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» ММ-де басшының орынбасары И.Ә.Көшкінбаевтың төрағалығымен бекiтiлген 2017 жылға арналған оқу-тақырыптық жоспарға сәйкес, «Мемлекеттiк кiрiстер органына кiрiстер туралы декларация тапсыру тәртiбi» атты тақырыпта семинар-кеңес өткiзiлдi. Ұйымдастыру-құқықтық және кадр қызметі бөлімінің басшысы – Ш.Ә.Қонарбаева мемлекеттiк қызметке қабылдаудың мiндеттi шарттарының бiрi — азаматтың және оның жұбайының (зайыбының) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк кiрiстер органына кiрiстерi және оларға меншiк құқығында тиесiлi мүлкi туралы декларация тапсыруы жөнiнде түсiндiрдi. Мемлекеттiк қызметке қабылданғаннан кейiн мемлекеттiк қызметшi жыл сайын 31 наурызға дейiн жұмыс орнындағы персоналды басқару қызметiне декларация тапсыру туралы анықтаманы ұсынуға мiндеттi.