Мақалалар


МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР – ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ

 

Мемлекеттiк қызмет көрсету жүйесiн жетiлдiру, осы саладағы қоғамдық қатынастарды реттеу, қызмет көрсетудiң ашықтығына, сапасына және жеделдiгiне қол жеткiзу сыбайлас жемқорлықтың азаюына, азаматтық белсендiлiктiң артуына жағдай жасайды, бұл өз кезегiнде еліміздің әлеуметтiк және экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге оң әсерiн тигiзедi.

Ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер ветеринария қызметiнiң барлық деңгейiнде, яғни, аудандық коммуналдық ветеринариялық ұйымдардан бастап, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiне дейiнгі деңгейде көрсетіледi. Бұл халықтың барлық тобына, сондай-ақ барлық меншiк нысанындағы ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге сапалы әрi уақытылы мемлекеттiк қызмет көрсетуге мүмкiндiк бередi.

«Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» ММ-нiң мемлекеттiк қызмет көрсету жөнiндегi құзыретi «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына, ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығымен бекітілген «Ветеринария саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттары» және Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 қарашадағы № 338 «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне сәйкес көрсетіледі.

Басқарма  аталған нормативтiк - құқықтық актiлерге сәйкес төмендегі мемлекеттiк қызмет түрлерiн көрсетедi:

 

1. «Жануарларды өсiрудi, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеудi және сатуды жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндiру, сақтау және сату бойынша өндiрiс объектiлерiне тiркеу нөмiрлерiн беру».

Қызмет көрсетiлетiн қызметтi алушының көрсетiлетiн қызметтi берушiге тiкелей немесе «электрондық үкiмет» порталында жүгiнуi арқылы тегiн көрсетiледi және мал шаруашылығы өнiмi өндiрiсi жағдайларының ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестiгiн бақылауға мүмкiндiк бередi. Бұл тұтынушыға ветеринариялық-санитариялық жағынан қауiптi өнiмнiң түсуiне жол бермеу үшiн қажет.

 

2. «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру».

Жануардан алынатын шикiзат пен өнiмге ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргiзу  қызмет түрi мiндеттi түрде лицензиялануы тиiс, себебi, осы жұмыстың сапасы халықтың денсаулығына тiкелей ықпал етедi және заңнаманы мүлтiксiз сақтауды талап етедi. Қызмет электрондық форматта ақылы негiзде көрсетiледi. Көрсетiлетiн қызметтi алушы заңнамада белгiленген мөлшерде лицензиялық алым төлейдi және лицензияны алғаннан кейiн iшкi сауда объектiлерiнде, мал сою және ет өңдеу кәсiпорындарында ветеринариялық сараптама жүргiзу құқығын алады.

 

3. «Ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау».

Ветеринариялық қызметтердi бiлiктi мамандар көрсетуi тиiс. Осындай мақсатпен ветеринария басқармасы ветеринар мамандарды және  ұйымдарды белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi бойынша аттестаттайды. «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес кәсiпкерлiк қызмет түрлерiне мыналар кiредi:

         ветеринариялық емдеу-профилактикалық қызметi;

         ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды өткiзу;

         дезинфекция, дезинсекция, дератизация, дегельминтизация жүргiзу;

         ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндiру мен өткiзу;

         жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарға ветеринариялық-санитариялық сараптама жасау;

         Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған ветеринария саласындағы өзге де қызмет түрлерi кiредi.

Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi, оларды ұсыну мерзiмдерi мен шарттары, құжаттар тiзбесi мен мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту негiздерi тиiстi стандарттар мен регламенттерде айқындалады. Сонымен қатар, стандарттарда мемлекеттiк қызметтi уақытылы және сапалы көрсетпеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң лауазымды адамдарының әрекеттерiне шағымдану тәртiбi айқындалады. Көрсетiлетiн қызметтер туралы барлық ақпаратты құқықтық ақпараттық жүйелерден, сондай-ақ, басқарманың интернет-ресурсынан алуға болады.

Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы 2016 жылдың 12 айында 53 мемлекеттiк қызмет көрсетті, соның ішінде: «Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру» қызметі бойынша – 49, «Ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру» қызметі бойынша – 4   өтініш қанағаттандырылды. Көрсетiлетiн қызметтi алушылар тарапынан қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.

Ветеринария саласында мемлекеттiк қызмет көрсетуге жауапты лауазымды адамдарға шағымдар болған жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушылар «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» ММ-нiң http://vetupr.kz интернет - ресурсы немесе 8 (7292) 60-54-52, 60-50-13 телефондары арқылы немесе Ақтау қаласы, 23 шағын аудан, 100 үй, Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы ғимаратының 1 қабаты мекен -жайы бойынша өтiнiш қалдыра алады.

 

«МО ветеринария басқармасы» ММ

ұйымдастыру, құқықтық және кадр

қызметі бөлімінің басшысы

Ш.Ә.Қонарбаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік сатып алу туралы

30.11.2016

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңартылған ҚР Заңы күшіне енді. Осы Заң тапсырыс берушінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды не жарғылық қызметін орындауына қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға байланысты қатынастарға қолданылады.

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру:

мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау;

осы Заңда көзделгеннен басқа жағдайларда, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;

әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік;

мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығы;

отандық тауар өндірушілерге, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерге Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келмейтін шамада қолдау көрсету;

мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігі;

сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу;

инновациялық және жоғары технологиялық тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаттарына негізделеді.

Өзгерістер мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізудің рәсімді мәселелеріне қатысты енгізілді, соның ішінде мынадай негізгі өзгерістерді атап көрсетуге болады:

— жергілікті қамтудың, отандық кәсіпкерді қолдау қағидаттарының алынып тасталуы;

— шартты жеңілдіктер санының қысқартылуы;

— «тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сыныптауыш», «мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы», «тауарлар, жұмыс, көрсетілетін қызметтер бағасының дерекқоры», «мемлекеттік сатып алу туралы электрондық шарт» деген ұғымдардың енгізілуі;

— «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚРЗ 4-бабынан осы Заңның нормаларын қолданбай жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алудың жартысының алынып тасталынуы;

— Тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды жоспарлау кезінде сатып алынатын тауарлар, жұмыс пен көрсетілетін қызметтер бағасының бірыңғай ақпараттық жүйесінің деректерін пайдалануы;

— сотқа әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арызды беру мерзімінің күнтізбелік 30 күнге дейін ұзартылуы;

— Қазақстан Республикасы Үкіметінің/әкімдердің Үкіметтің/әкімдіктердің шешімімен айқындалатын бюджеттік даму бағдарламалары бойынша мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын құруы;

— әлеуетті өнім берушінің жетіспейтін құжаттарды 3 жұмыс күні ішінде жеткізу құқығы көзделген;

— тауарлар мен көрсетілетін қызметтер бойынша конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қарау рәсімінің өзгеруі, үздік техникалық ерекшелік;

— конкурстық баға ұсынысы үздік техникалық ерекшеліктердің біріне беріледі;

— тапсырыс берушінің техникалық ерекшелікте тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің ұлттық немесе үкіметтік емес стандартын олар болған кезде көрсетуі;

— тауарлардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтердің 15%-ын міндетті түрде шағын және орта бизнес субъектілерінен сатып алу;

— орта білім беру ұйымдарында оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерді таңдауға мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың күші қолданылмайды;

— мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындаудың ең аз мерзімі күнтізбелік 15 күн деп белгіленді;

— кешенді жұмыстарды толық аяқталған күйінде сатып алған кезде тікелей жұмыспен байланысты емес тауарлар мен жұмыстарды лоттарға міндетті түрде бөлу енгізілген;

— орталық атқарушы органдар үшін ҚР ҚМ құрылымында сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысының құрылуы.

Тағы бір жаңалық — мемлекеттік сатып алу саласындағы барлық шарттар енді электрондық түрде жасалатын болады. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңда «мемлекеттiк сатып алу туралы шарт — осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жасалған, электрондық цифрлық қолтаңбалармен куәландырылған азаматтық-құқықтық шарт» деген түсінік берілген.

Осының барлығы оларды бірыңғай дерекқор арқылы қадағалауға мүмкіндік береді және бюджет қалыптастыру процесін жеңілдетеді, жаңалықтың арқасында техникалық ерекшелікті белгілі бір өнім берушіге бейімдеу мәселесі шешіледі.

Тізілімге бұдан былай тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды біржақты тәртіппен бұзған, орындалуы барысында өнім берушінің біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) талаптарына сәйкес келмейтіндігі немесе өзінің осындай талаптарға сәйкестігі туралы анық емес ақпарат бергені, соның нәтижелері бойынша осындай шарт жасалып, оның конкурс (аукцион) жеңімпазы болуына мүмкіндік бергені анықталған өнім берушілер енгізілетін болады.

Тізілімге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған, жеңімпаздар деп айқындалған әлеуетті өнім берушілер енгізіледі. Сондай-ақ өздерімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған өнім берушілер де енгізіледі.

Тапсырыс беруші өзіне өнім берушінің ҚР мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей, осындай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінуге міндетті.

Енді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі заңды күшіне енген сот шешімдерінің негізінде, сондай-ақ уәкілетті органның әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешімі негізінде қалыптастырылады.

«Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығының 18-тармағына сәйкес тапсырыс берушілер әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы заңды күшіне енген соттың шешімін веб-портал арқылы алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы алған сот шешімінің электрондық көшірмесін, сондай-ақ мұндай әлеуетті өнім беруші немесе өнім беруші туралы мәліметтерді электрондық түрде веб-портал арқылы уәкілетті органға ұсынады. Осы қағидаларда егер жеңімпаз деп танылған не екінші орын алған әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алу туралы шартқа веб-портал арқылы қол қоймаған жағдайда, мұндай әлеуетті өнім беруші уәкілетті органның веб-портал арқылы қабылдаған шешімімен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне автоматты түрде енгізілетіні көзделген.

Осы тізілімге енгізілген өнім берушілер соттың оларды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап 24 ай ішінде мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілмейді.

Заңда әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігі нысанасына конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу хаттамасы ресімделеді, оған конкурстық комиссияның төрағасы мен барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді алдын ала қарау туралы шешім қабылданған күні қол қояды делінген.

Конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу хаттамасында қабылдамау себептері егжей-тегжейлі сипатталып, оның ішінде әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтінін растайтын мәліметтер мен құжаттар көрсетіле отырып, конкурсқа қатысуға берілген өтінімдері қабылданбаған әлеуетті өнім берушілер туралы ақпарат қамтылуға тиіс.

Әлеуетті өнім берушілер біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келген жағдайда, конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу хаттамасы ресімделмейді. Конкурстық комиссия біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді анықтаған жағдайда, мұндай әлеуетті өнім берушілерге конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу хаттамасы мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру құқығын береді. Мұндай құқық осы Заңның 6-бабын бұзған әлеуетті өнім берушілерге берілмейді.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды оңайлату үшін әлеуетті өнім берушілерден олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға; конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында, тиісті жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға құқылы.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімде жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісті түрде ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге байланысты конкурстық комиссияның сұрау салу жіберуіне және өзге де әрекеттер жасауына жол берілмейді.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайта қарау кезінде конкурсқа қатысуға алдын ала жіберу хаттамасында көзделмеген негіздер бойынша әлеуетті өнім берушілерді қабылдамауына жол бермейді.

Егер біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен аспаса, осындай біртекті тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу жүргізіледі, бұл ретте баға шешуші шарт болып табылады.

Бiртектi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң бiрнеше түрiне баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi олардың бiртектi түрлері бойынша және (немесе) оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлуге мiндеттi.

Егер жеңімпаз деп танылған не екінші орын алған әлеуетті өнім беруші осы Заңда белгіленген мерзімдерде тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы қол қойылған шартты ұсынбаса немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) соманы енгізбесе, онда мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарды деп танылады.

Әлеуетті өнім беруші мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарды деп танылған жағдайда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ол енгiзген конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінімді қамтамасыз етудi ұстап қалады.

«Солтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ
мемлекеттік сатып алу жөніндегі бас маманы Д.Ә. Нұрқан

Iс жүргiзудiң ерекшелiктерi

03.10.2016

Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгiлiк қағидалары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң 2014 жылғы 22 желтоқсандағы №144 бұйрығымен бекiтiлдi. Қазiргi таңда берiлген бұйрықтың негiзiнде бiздiң Республикамыздың барлық ұйымдарында құжатнама жасау жүргiзiледi.

Басқарушылық қызметте қолданылатын құжаттардың құрамы ұйымның құзыретiмен және функцияларымен, мәселелердi шешу тәртiбiмен басқа ұйымдармен байланыс жасаудың көлемiмен және сипатымен анықталады.

Құжат деректемелерiн рәсiмдеу тәртiбi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы ұйымның құжат бланкiсiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерi туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген талаптарға сәйкес бейнеленедi. Ұйым туралы анықтамалық деректерде — почталық мекенжайы, телефондардың, телефакстердiң нөмiрлерi, электрондық почтаның мекенжайы және ұйымның қалауы бойынша басқа да мәлiметтер көрсетiледi. Хаттан басқа құжаттардың барлық түрiнде құжат түрiнiң атауы көрсетiледi. Құжатқа қол қойылған күн, оның күнi болып табылады, ұйым iшiндегi құжаттың өтуi мен орындалуына байланысты қызметтiк белгiлерге күнi мен қолы қойылады. Шығыс құжаттың тiркеу нөмiрi ұйымның iстер номенклатурасындағы iстiң индексiнен тұрады. Құжат мәтiнi жазу машинкасында бiр жарым жоларалық интервал арқылы немесе компьютер техникасының құрылғылары көмегiмен мөлшерi 14 жоларалық бiр интервал арқылы басылады. Құжатқа күн сәулесiне төзiмдi сиямен қол қойылады. Құжаттың түпнұсқасына факсимиле қою арқылы қол қоюға тыйым салынады.

Нормативтiк құқықтық актiлер Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 16 тамыздағы №773 қаулысымен бекiтiлген Нормативтiк құқықтық актiлердi ресiмдеу және келiсу қағидаларына сәйкес рәсiмделедi.

Хатты дайындау мен рәсiмдеу тәртiбiнде сұрау салулар, хабарламалар, келiсiмдер, талаптар, тапсырмалар, хабарлар, еске салулар, жауаптар, өтiнiштер, пiкiрлер, ұсыныстар, ескертулер, хабарлаулар, шақырулар, растаулар және басқалар хаттың мазмұны болуы мүмкiн. Ұйымда құжаттар жасалған немесе алынған сәттен бастап олардың орындалғанға, жiберiлгенге, iстердi қалыптастырғанға және ұйымның мұрағатына тапсырылғанға дейiнгi қозғалысы құжат айналымын құрайды.

Ұйымға түскен құжаттар бастапқы өңдеуден өтедi, алдын ала қаралады, тiркеледi, басшылықпен қаралады және орындаушыға жеткiзiледi. Құжаттар жолдауға толық рәсiмделiп берiледi. Құжатты жолдауға қабылдайтын қызмет оның дұрыс рәсiмделгенiн, негiзгi құжатта көрсетiлген қосымшалардың бар болуын тексередi. Есепке алуды, орындауды және ақпараттық-анықтамалық мақсатта пайдалануды қажет ететiн барлық құжаттар тiркелуi тиiс.

Ұйым таратылған жағдайда тарату iс-шараларын жүргiзу кезеңiнде жеке құрам бойынша құжаттар рәсiмделiп, сәйкес мемлекеттiк мұрағатқа тапсырылады.

«СҚО әкiмдiгiнiң ветеринария басқармасы» КММ
әкiмшiлiк-құқықтық бөлiмнiң бас маман-iс жүргiзушiсi Г. Қиялова

2016 жылғы 8 айдағы ветеринариялық-санитариялық бақылау қорытындылары туралы

19.09.2016

Жергiлiктi атқарушы органдардың ветеринариялық қызметi үстiмiздегi жылғы 8 айдың iшiнде облыстың эпизоотиялық қолайлылығын және жануардан алынатын өнiмнiң азық-түлiк қауiпсiздiгiн сақтауға бағытталған ветеринариялық iс-шараларды орындау, жеке және заңды тұлғалардың ветеринария саласындағы заңнаманы сақтауына сапалы ветеринариялық бақылауды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргiздi.

Жүргiзiлген жұмыс аясында облыстағы қолда бар ауыл шаруашылығы жануарларына жоспарлы түрде сiбiр жарасы, құтыру, эмкар сияқты ауруларға қарсы диагностикалық зерттеулер мен профилактикалық иммундау жүргiзiлдi. Жұмыс нәтижесiнде облыс аумағында аса қауiптi аурулар таралған жоқ. Ал елiмiздiң басқа өңiрлерiнде сiбiр жарасы мен басқа да аурулардың пайда болу жағдайы туындады.

Эпизоотиялық жағдайды тұрақты түрде сақтауда ветеринариялық бақылауды уақтылы, сапалы әрi жүйелi түрде жүргiзудiң маңызы зор, мұны жергiлiктi атқарушы органдар бөлiмшелерiнiң ветеринариялық мамандары мемлекеттiк ветеринариялық бақылау инспекциясымен және iшкi iстер органдарымен өзара тығыз iс-әрекет жасай отырып қамтамасыз етедi. Мемлекеттiк бақылау мен қадағалаудың мiндетi — тексерiлетiн субъект өндiрген және өткiзген өнiмнiң, адамдардың денсаулығы мен өмiрi үшiн технологиялық процестердiң қауiпсiздiгiн, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

Заңнама нормаларына сәйкес ветеринариялық бақылау iшкi сауда объектiлерiнде, жануарларды өсiру, жануардан алынатын өнiм мен шикiзатты өндiру, қайта өңдеу және өткiзумен айналысатын жеке тұлғалар мен ұйымдардың қызметiнде, сондай-ақ бақыланатын жүктi тасымалдау кезiнде жүзеге асырылады.

Ветеринария саласындағы аса қауiптi, соның iшiнде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың пайда болуына және таралуына әкеп соқтыруы мүмкiн құқық бұзушылықтардың алдын алу мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылаудың басты мiндетi болып табылады. Жергiлiктi атқарушы органдардың бөлiмшелерi ағартушылық жұмыс аясында облыстық және аудандық баспа басылымдарында ветеринария мәселелерi бойынша мақалалар жариялады, Солтүстiк Қазақстан облысы ветеринария басқармасының тапсырысы бойынша Қазақстан-Петропавл телеарнасы сiбiр жарасының алдын алу шаралары жөнiнде бейнеролик дайындап, көрсетуде, тарату үшiн осы мәселе жайында ақпарат жазылған буклеттер дайындалып жатыр. Ветеринариялық мамандар жер-жерде азаматтардың жиынына қатысуда, онда олар ветеринариялық заңнама нормаларын, ветеринариялық iс-шараларды жүргiзу тәртiбiн және бұзушылық жасағаны үшiн жауаптылық жайында түсiндiредi.

Профилактикалық және түсiндiру жұмыстарының жүргiзiлуiне қарамастан, ветеринария саласында құқық бұзушылықтар жиi болып тұрады. 2016 жылғы 8 айда 487 бұзушылық анықталып, әкiмшiлiк жауаптылыққа 338 адам тартылды, әкiмшiлiк материалдарды қарау нәтижесi бойынша 12,8 млн. теңгеден астам сомада айыппұл салынды. Жiберiлген бұзушылықтардың көбi мал ауруларының диагностикасы, алдын алу және жою жөнiндегi ветеринариялық iс-шараларға бақылау жүргiзу кезiнде анықталады. Мұндай бұзушылықтар саны — 198. Iшкi iстер органдарымен бiрлесiп жүргiзген рейдтер нәтижесiнде ветеринариялық бақылауға жататын жүктi тасымалдау кезiнде 109 құқық бұзушылық анықталды, ветеринариялық заңнаманы 53 бұзушы жануарлардың бiрдейлендiрiлуiне бақылау жүргiзу барысында анықталды. Ветеринариялық станциялардың мал дәрiгерлерi де құқық бұзушылыққа жол беруде. Демек ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясының деректерi бойынша үстiмiздегi жылы 30 ветеринариялық маман әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған.

Үстiмiздегi жылдың 8 айында жергiлiктi атқарушы органдардың ветеринариялық қызметтерi жоспардан тыс 16 тексеру жүргiздi, нәтижесiнде 7 бұзушылық анықталды. Облыстың ветеринария басқармасы азаматтардың сапасыз өнiм сатып алуға және көрсетiлiп жатқан ветеринариялық қызметке қатысты 8 өтiнiшiн қабылдап, қарады.

Iшкi сауда объектiлерiнде ветеринариялық бақылау күн сайын жүргiзiледi. Есептi кезеңде ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханалары 8422 ұша сиыр етiн, 13667 ұша шошқа етiн, 2957 ұша қой етiн, 296 ұша жылқы етiн тексерiп, сатуға жiбердi. 188,7 тонна сүт және сүт өнiмдерi, 3,2 млн. дана жұмыртқа, 5,1 тонна бал, 116 тонна балыққа сараптама жасалды. 904,4 кг әр түрлi өнiм түрi сатуға жарамсыз деп танылып, жойылды.

Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында сiбiр жарасы бойынша қалыптасқан жағдайды ескере отырып, мал иелерiне мал өсiру, мал шаруашылығы шикiзаты мен өнiмдерiн өндiру және сату кезiнде ветеринариялық заңнама талаптарын мiнсiз орындау қажет екендiгi туралы еске салған жөн. «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалар жануарларды ветеринариялық қарап тексертуге, оларға тиесiлi жануарларды бiрдейлендiрудi, диагностикалық және алдын алу iс-шараларын жүргiзудi қамтамасыз етуге, ветеринариялық мамандарды жаңадан сатып алынған мал, алынған төл, малды сою, сату, олардың ауруы мен қырылуы жөнiнде үш күн iшiнде хабардар етуге мiндеттi.

Жануарлар, жануардан алынатын өнiм мен шикiзат техникалық регламенттердiң талаптарына сай келетiн жағдайларда олардың эпизоотиялық қолайлылығы мен ветеринариялық қауiпсiздiгiн растайтын ветеринариялық құжаттармен бiрге тасымалдануы тиiс.

Мал шаруашылығы өнiмiн тұтынушылар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң нормаларына сәйкес сапалы тауар сатып алуға және өнiм туралы ақпарат алуға құқылы. Осыған байланысты тұтынушы сатушыдан сатып алынатын тауардың ветеринариялық қауiпсiздiгiн растайтын ветеринариялық анықтаманы талап етуге құқылы. Тұтынушы сапасыз мал шаруашылығы өнiмiн сатып алған немесе ветеринариялық көрсетiлетiн қызметтi алған жағдайда, аудандық әкiмдiктiң ветеринария бөлiмiне, аумақтық ветеринариялық бақылау инспекциясына немесе Солтүстiк Қазақстан облысының ветеринария басқармасына жеке өзi не 8 (7152) 50-49-73, 50-16-81 телефоны арқылы жүгiне алады. Сондай-ақ өтiнiштi Ветеринария басқармасының www.uprvet.sko.gov.kz ресми сайтында орналастыруға болады. Келiп түскен барлық өтiнiш қаралып, қарау нәтижесi бойынша белгiленген мерзiмде заңнамаға сәйкес шешiм қабылданады.

Абайлаңыз! Сібір жарасы!
«СҚО ветеринария басқармасы» ММ хабарлайды

19.07.2016

Сiбiр жарасы — ауылшаруашылық малдардың және барлық жабайы жануарлардың, сонымен қатар адамның аса қауiптi жұқпалы ауруы. Сiбiр жарасының қоздырушысы — bacillus anthracis. Бұл жиналған қабықты құрады, ол сыртқы ортада өте тұрақты (топырақта 10 жыл немесе одан да көп сақталуы мүмкiн). Жұқтыру көбiнесе жайылымда болады. Инфекцияны таратушылар ауылшаруашылықтағы ауру малдар. Аурудың таратылу факторлары — малдардың өлекселерi, топырақ, жем, су, көң, төсенiш, малдарды күтуде пайдаланған құралдар, шикiзат және мал өнiмдерiнен шыққан азық-түлiктер.

Берiлген аурудың алдын-алу мақсатында келесi шарттарды сақтау қажет:

  • сатып алынған, жаңадан туылған жануарларды ветеринарлық мамандарға оларды ұстау орындары бойынша тiркеуге беруге;
  • жануарлардың басқа жергiлiктi аймақтардан енгiзiлуiне жол бермеуге, сонымен қатар ауданның ветеринарлық қызметiнiң рұқсатынсыз малдарды алып жүруге;
  • iрi қара малды сатып алу және сату малдардың денсаулығын және жергiлiктi аймақтың аса қауiптi жұқпалы аурулардан таза болуын растайтын ветеринарлық дәрiгерлер беретiн ветеринарлық жөнелтпе құжаттар болған жағдайда ғана жүзеге асырылсын;
  • жануарлардан алынатын өнiмдердi (сүт, ет және т.б.) қатаң белгiленген орындардан ғана (базар, дүкен және т.б.) сатып алуға;
  • ветеринарлық мамандардың талаптары бойынша жануарларды қарауға, оларға диагностикалық зерттеулер жүргiзуге және алдын-ала егулер салуға ұсыну керек;
  • ветеринарлық iс-шараларды жүргiзу үшiн жағдай жасауға;
  • сатып алынған жануарлар туралы барлық қажеттi деректердi ұсынуға;
  • малды азықтандыру, бағу, пайдалану мен күту бойынша зоогигиеналық пен ветеринарлық-санитарлық ережелердiң орындалуын қамтамасыз етуге;
  • үй жануарларын союға және одан алынған ет өнiмдерiн қолдануға ауданның ветеринарлық қызметiнiң рұқсатынсыз жол бермеуге;
  • биологиялық қалдықтардың (мал өлекселерi) жойылу мен пайдалану ережелер жиынтығын сақтауға;
  • жануарлардың сiбiр жарасымен көмiлген жерлердегi және мал өлекселерi жатқан жерлердегi жайылым өрiсiнiң болуына жол бермеуге;
  • малдың әрбiр өлiмi мен алдын-ала қойылған диагнозына қарамастан олардың ауруы туралы ветеринарлық қызметке немесе олардың жергiлiктi өкiлдерiне хабардар етуге;
  • ауылшаруашылық жануарлардың жұқпалы ауруларымен күресу және алдын-алу бойынша ветеринарлық-санитарлық ережелердi сақтау жөнiнде ветеринарлық мамандардың талаптарын орындауға.

Жұқпалы аурулармен, оның iшiнде адам мен жануарға ортақ аурулармен күресу және олардың алдын-алу мәселелерi бойынша аудандық пен ауыл аймақтарындағы ветеринарлық мамандарға, сонымен қатар «СҚО ветеринария басқармасы» ММ-не мына телефондар арқылы 8 (7152) 34-02-48, 50-16-81 жүгiну керек.

Ветеринарлық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жиналыс

15.07.2016

2016 жылдың 15 шiлдесi күнi «СҚО ветеринария басқармасы» ММ-сi басшысы орынбасарының төрағалық етуiмен Солтүстiк-Қазақстан облысы аумағында ветеринарлық-санитариялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша ҚР АШМ ВБ ж/е ҚК Солтүстiк-Қазақстан облыстық аумақтық инспекция басшысының, сонымен қатар аудан мен қалалық ветеринария бөлiмдерi мен ветеринария инспекция басшыларының, ветеринарлық станция директорлары мен ветеринарлық зертхана филиалдарының басшылары және өндiрiстiк бақылаудағы ветеринарлық дәрiгерлердiң қатысуымен жұмыс жиналысы өткiзiлдi.

Күн тәртiбiнде сiбiр жарасын болдырмау бойынша қабылданатын шаралар туралы мәселелер және ветеринарлық iс-шаралар жүргiзу мен облыс аумағында ветеринарлық-санитарлық бақылау туралы сауалдар қарастырылды.

Жиналыстың қорытындысы бойынша барлық деңгейдегi ветеринарлық қызметтерге бiрқатар тапсырмалар берiлдi.

Жаңа еңбек заңнамасының шарттары

14.06.2016

Еңбек ету бостандығының қағидаттары Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген және әркiмнiң өзiнiң еңбекке қабiлеттiлiгiне өздiгiнен билiк етуге, кәсiби дайындығына, мүддесiне, мүмкiндiктерi мен қалауына сәйкес кәсiп және қызмет түрiн таңдауға құқығы бар екендiгiн қамтиды.

2016 жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек кодексi күшiне ендi. Қызметкерлердiң материалдық жауаптылығына, оларды босатуға және жұмыс берушiнiң құқықтарын кеңейтуге қатысты өзгерiстер енгiзiлген.

Еңбек қатынастарын ресiмдеу және қабылдау жөнiндегi он бестен аса құжатқа және алтыдан аса рәсiмге, мәселен: қызметкер ұсынуы тиiс құжаттар тiзбесiне; жұмыс берушiнiң қызметкерлердi жұмысқа ресiмдеу жөнiндегi мiндеттерiне; сынақ мерзiмi шарттарына; еңбек шартын жасау ережесiне; еңбек шартының өзiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлдi.

Жұмысқа қабылдау шартында бұрын жұмыс берушi жұмысқа қабылдамаса, себептерiн түсiндiре отырып, бас тартатын. 2016 жылдан бастап жұмыс берушi жазбаша түрде бас тартпауына болады.

Ендi он сегiз жасқа толмаған адамдарды жұмысқа қабылдау кезiнде ата-аналарының немесе қамқоршыларының жазбаша келiсiмiн алу талап етiлмейдi, тек олардың кәмелетке толмаған адаммен бiрге шартқа қол қойғаны жеткiлiктi.

Еңбек шартынан кепiлдiктер мен өтемақы төлемдерi, сақтандыру шарттары алынып тасталды. Ендi мүгедектермен жасалатын еңбек шартына олардың мүмкiндiктерiн ескере отрып, жұмыс орындарын жабдықтау шарттарын қосу керек.

Сынақ мерзiмi шарттарындағы өзгерiстердi де атап өткен жөн. Кодекстiң ескi редакциясында ең ұзақ сынақ мерзiмi барлығы үшiн үш ай болған, жаңа редакциясында басшылар мен олардың орынбасарларына, бас бухгалтерлер мен оның орынбасарларына, филиал басшыларына алты айға дейiн сынақ мерзiмiн белгiлеуге болады.

Ендi еңбек тәртiбiнiң ережесi қызметкерлердiң өкiлдерiмен келiсiлмейдi.

Заң шығарушы сондай-ақ он сегiз жасқа толмаған жұмыскерлердi, жүктi әйелдер мен мүгедек жұмыскерлердi мұндай жұмысқа медициналық көрсетiлiмдер бойынша тыйым салынбаған болса, iссапарға жiберу мүмкiндiгiн бекiттi, бiрақ олар iссапарға барудан бас тартуға құқылы.

Бұрын бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектерге ұзақтығы күнтiзбелiк он бес күннен кем емес қосымша демалыс берiлетiн. Ендi мұндай демалыстың мерзiмi күнтiзбелiк алты күнге дейiн азайды. Еңбек демалысын ғана емес, сондай-ақ оның бiр бөлiгiн де қатарынан екi жыл бойы бермеуге тыйым салынатыны жөнiнде ереже енгiзiлдi.

Қорытындылай келе, Қазақстанның бәсекеге барынша қабiлеттi 50 елдiң қатарына кiру стратегиясы әлеуметтiк-экономикалық дамудың барлық деңгейi мен көптеген салаларындағы өзара байланысты мiндеттердi кешендi түрде шешудi көздейтiнiн атап өткен жөн. Оларға бiрiншi кезекте халықты жұмыспен қамту саласы мен еңбек нарығы жатады, себебi ең жаңа технологиялардың енгiзiлуiне байланысты еңбек өнiмдiлiгiнiң өсуi көбiнесе адам ресурстары сапасының жаңаруына байланысты.

Еңбек заңнамасының негiзгi жаңалықтарын зерделей отырып, жұмыскер мен жұмыс берушi құқықтарының сақталуына және өзара сыйластыққа сенiм артамыз. Бұл қағидат еңбек өнiмдiлiгi өсуiнiң кепiлiне айналып, елiмiзде жұмыссыздықты азайтуға жағдай жасайды.

«СҚО ветеринария басқармасы»
ММ әкiмшiлiк-құқықтық бөлiмiнiң
заңгер бас маманы А.С. Әшiмов

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк қызметтiң жаңа моделi

14.06.2016

Мемлекеттiк қызмет — мемлекеттiк билiктi және мемлекеттiң қызметiн жүзеге асыратын маңызды саяси құрал. Мемлекеттiк билiктiң iске асырылуын қамтамасыз етуде мемлекеттiк қызметтiң рөлi зор. Ақпараттылық, кәсiпқойлық, шешiмдердi дайындауға және қабылдауға қатысу — мемлекеттiк орган қызметiнiң басты тиiмдi бағыты.

Мемлекеттiк қызметтi жаңғырту меритократия, нәтижелiлiк, тиiмдiлiк, транспаренттiк және қоғамға есептiлiк қағидасына негiзделедi және мемлекеттiк басқару жүйесiнiң бәсекеге қабiлетiлiгiн қамтамасыз етудегi маңызды фактор болып табылады. Ұлт көшбасшысы халық пен мемлекетке қызмет етудi бәрiнен биiк қоятын кәсiпқой мемлекеттiк аппарат құру жөнiнде мiндет қойды. Сондай-ақ «президенттiк 5 реформаны iске асыруға арналған 100 нақты қадамда» мемлекеттiк қызметтiң кадрлық құрамын сапалы түрде жақсарту қажеттiгi бiрнеше рет атап өтiлдi. Бұл бағытта жұмыс жүргiзiлiп жатыр, мемлекеттiк қызметтiң үш корпусы құрылды — саяси мемлекеттiк қызметшiлер корпусы, «А» басқарушы корпусы және «Б» атқарушылық корпусы. Мемлекеттiк саяси және әкiмшiлiк лауазымға орналасуға үмiткер азаматтарға қойылатын, олардың кәсiби даярлығын, бiлiктiлiгiн және нақты лауазымға сәйкестiгiн айқындайтын бiлiктiлiк талаптары күшейдi.

Заңға тәлiмгерлiк, мансапты жоспарлау, тағылымдамадан өту, саяси және әкiмшiлiк лауазымдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау бойынша жаңалық енгiзiлдi.

Сонымен қатар жүргiзiлiп жатқан реформадағы маңызды аспектiлердiң бiрiнде кадр қызметiнiң рөлiн арттыру, өкiлеттiктер мен жауаптылықты күшейту мәселесiне көңiл бөлiнген. «Мемлекеттiк қызмет туралы» ҚР Заңының жаңа редакциясына сәйкес персоналды басқару қызметi (кадр қызметi) мемлекеттiк органның басқа құрылымдық бөлiмшелерiнен ұйымдық жағынан дербес болады, жауапты хатшыға немесе аппарат басшысына, ал жауапты хатшы және аппарат басшысы лауазымдары енгiзiлмеген мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк органның басшысына тiкелей бағынады. Осылайша тиiстi мемлекеттiк органда кадрлық саясаттың жүргiзiлуiнетiкелей жауапты кадр қызметiнiң мәртебесi күшейедi.

Мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру үшiн мемлекеттiк органдарда еңбектi ұйымдастыру, транспаренттiк және нақты лауазымды адамдардың жауапкершiлiгi қағидаттарына негiзделген шешiмдердi қабылдау процестерi мен рәсiмдерiнiң сапасын арттыруға бағытталған нормативтiк құқықтық, әдiстемелiк және ұйымдастырушылық шаралар айқындалатын болады. Осыған байланысты, ақпараттық технологияларды қолдану қажеттiгi арта түседi, бұл халыққа және бизнеске қызметтер көрсету кезiнде мемлекеттiк органның функцияларын оңтайландыру мен автоматтандыруға, әкiмшiлiк кедергiлердi және халық пен бизнестiң мемлекеттiк органдармен тiкелей байланысын азайтуға бағытталған.

Жаңа модельде мемлекеттiк қызметшiлердiң аттестациядан өту тетiгi де жетiлдiрiлетiн болады, ол бағалау нәтижелерi бойынша қызметi тиiмсiз болып табылған мемлекеттiк қызметшiлерге ғана қолданылады. Мемлекеттiк қызметшiлердi ынталандырудың тиiмдi жүйесi жұмыстағы жоғары көрсеткiштер үшiн тiкелей ынталандыруларды құрушы, кадрларды мемлекеттiк қызметте ұстап қалуды қамтамасыз етушi фактор және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуға арналған шара болады.

Мемлекеттiк қызмет үшiн имидждiң маңызды функционалдық және мәртебелiк маңызы бар. Мемлекеттiк қызметтiң оң имиджiн қалыптастыруда мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын арттыру және жұртшылықпен байланыстар орнату тиiсiнше негiзгi бағыттар болып табылады. Азаматтарға бағдарлану, кәсiбилiк, шұғыл әрекет ету, ашықтық және қолжетiмдiлiк мемлекеттiк органдар жұмысының негiзгi қағидаттары болуға тиiс. Мемлекеттiк қызметшi моральдық жауапкершiлiгi жоғары, кәсiби бiлiмдi, оны iс жүзiнде қолдана бiлуi, адал, отансүйгiш, өмiрлiк ұстанымы белсендi, адамгершiлiгi мол болуы тиiс. Жалпы алғанда, мемлекеттiк қызметтiң оң имиджiн қалыптастыру мемлекеттiк органдардың қоғамның сындарлы ынтымақтастыққа ниетiн айқындайтын, реформалаудың басты құрамдас бөлiктерiнiң бiрi болады. Мемлекеттiк қызмет жүйесi реформаларының осы кезеңiнен күтiлетiн нәтиже — өз функцияларын тиiмдi орындауға қабiлеттi кәсiпқой кадрлармен қамтамасыз етiлген шағын тиiмдi мемлекеттiк аппарат болуы тиiс.

Уәлиева Ұ.Ш. «СҚО ветеринария басқармасы»
ММ персоналды басқару қызметiнiң бас маманы

Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргiзу ерекшелiктерi

01.04.2016

Тексерiлетiн субъектiлерге мемлекеттiк бақылау және қадағалау жүргiзудi ұйымдастыру саласындағы қатынастарды мемлекеттiк реттеу Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлiк кодексiне сәйкес жүзеге асырылады. Өндiрiлетiн және өткiзiлетiн мал шаруашылығы өнiмдерiнiң, жемшөп пен жемшөп қоспаларының, ветеринарияда қолданылатын дәрi-дәрмектердiң, сондай-ақ технологиялық процестердiң адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылаудың мiндетi болып табылады. Ветеринария саласындағы қызмет аясында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға жататын объектiлердiң ауқымды тiзбесi қамтылады. Оларға жануарлар, жануарлар ауруларының қоздырушылары, жануардан алынатын өнiм мен шикiзат, ветеринариялық және зооветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттар, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкiн көлiк құралдары, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрi, жеке және заңды тұлғалардың ветеринария саласындағы қызметi, аумағы, өндiрiстiк үй-жайлары, мал айдалатын жолдар, маршруттар, мал жайылымдарының аумақтары, iшкi сауда объектiлерi жатады. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау ерекшелiктерiн қарастыра отырып, оның iшкi сауда объектiлерiн бақылау саласын атап көрсетуге болады. Өндiрушiден түсетiн мал шаруашылығы өнiмiнiң көбi азық-түлiк базарлары мен мамандандырылған дүкендерде сатылады. Сатылатын өнiмге тұрақты түрде ветеринариялық бақылау жүргiзiп тұру мақсатында жануардан алынатын өнiм мен шикiзат сатылатын iшкi сауда объектiлерiне аудандар мен Петропавл қ. ветеринария бөлiмдерiнiң ветеринария мамандары бекiтiлген, олар ветеринариялық зертханалардың мамандарымен бiрлесiп, өнiмнiң сапасын қадағалап, оның қауiпсiздiгiн айқындап отырады. Жануардан алынатын өнiм мен шикiзат сатылатын iшкi сауда объектiлерiн тексеру кезiнде Кәсiпкерлiк кодексiнiң 140-бабындағы нормаларға сәйкес тексерудi тағайындау туралы актiнi құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi уәкiлеттi органда тiркеу талап етiлмейдi, себебi бұл объектiлерде ветеринариялық бақылау күн сайын жүргiзiледi.

Ветеринариялық бақылаудың тағы бiр ерекшелiгiне ветеринария саласында мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмдерi кiредi.

Бақылаудағы объектiлерге ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру кезiнде жауапты ветеринария мамандары көрсетiлетiн қызметтi алушылардың өтiнiшi бойынша объектiлердiң заңнамада белгiленген талаптарға сәйкестiгiн тексередi. Бұл ретте мемлекеттiк қызмет кез келген жағдайда көрсетiледi және объектiнiң талаптарға сәйкестiгi не сәйкес еместiгi туралы ветеринариялық-санитариялық қорытынды берiледi. Сәйкес келмеген жағдайда ветеринариялық-санитариялық қорытындыда бұзушылықтарды жоюға қажеттi iс-шаралар тiзбесi айқындалады.

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестiктi бақылау және қадағалау мақсатында есептiк нөмiрлер беруге жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерi, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдар жатады. Берiлген ветеринариялық-санитариялық қорытындылар және берiлген есептiк нөмiрлер туралы деректер ақпараттық жүйеге енгiзiледi және тауар өндiрушiлерге өнiмдi мемлекет аумағында, сондай-ақ шетелде де сатуға мүмкiндiк бередi.

Ветеринариялық-санитариялық бақылаудың сапалы жүргiзiлуi, мал иелерiнiң ветеринариялық нормалар мен қағидаларды сақтауы облыс аумағында қолайлы эпизоотиялық жағдайды сақтауға және халықтың азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Өкiнiшке орай, азық-түлiк нарығы қатысушыларының барлығы бiрдей заңнама талаптарын сақтай бермейдi. 2016 жылы жергiлiктi атқарушы органдардың ветеринария қызметтерi ветеринариялық заңнаманың 147 рет бұзылғанын анықтады, бұзушылықтарды жою туралы 107 ұйғарым шығарылып, аумақтық ветеринариялық бақылау инспекцияларына 25 әкiмшiлiк материал жолданды, олар бойынша 551,4 мың теңге сомасында айыппұл салу туралы қаулы шығарылды.

Қорытындылай келе, өнiмдi тұтынушылар мен ветеринариялық ұйымдарға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алуға және ветеринариялық емдiк-профилактикалық көмек көрсету қызметтерiн алуға жүгiнгендерге мынадай өтiнiш бiлдiремiз: мал шаруашылығы өнiмiнiң сапасы және қызмет көрсету жөнiнде туындаған барлық сұрақтар бойынша Петропавл қ., Ж. Жабаев к-сi, 302 мекенжайындағы «Солтүстiк Қазақстан облысының ветеринария басқармасы» ММ-ға 50-16-81, 50-49-69 телефондары немесе Басқарманың www.uprvet.sko.gov.kz ресми сайты арқылы, аудандар мен Петропавл қ. ветеринария бөлiмдерiне және аумақтық ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекцияларына жүгiне аласыздар.

Ветеринарлық іс-шараларды ұйымдастыру

22.10.2015

Эпизоотиялық саулықты және тұрғындарды адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау бойынша ветеринариялық iс-шаралардың негiзгi мақсаты ауыл шаруашылығы, үй, хайуанаттар паркi және басқа да жануарлар, құстар, балықтар және аралар қоса есептелгенде жануарлардың карантиндiк және аса қауiптi аурулардың алдын алу мен жою бойынша iс-шараларды iске асыру болып табылады. 

Аталған iс-шаралардың Солтүстiк Қазақстан облысы аумағында өткiзудi ұйымдастыру облыс аумағындағы мал шаруашылығы, құс шаруашылығы нысандарын эпизоотиялық жағдайын талдау; эпизоотияға қарсы iс-шараларды өткiзу үшiн дәрiлермен қамтамасыз ету; карантиндiк ауруларды тiркеудiң статистикалық есебiн жүргiзу; жануарлардың аурулығы мен өлiмiнiң есебiн ұйымдастыру және жүргiзу; эпизоотияға қарсы iс-шаралардың жоспарларын орындауды, жануарлардың ауруларын алдын алу және жою бойынша iс-шараларды дұрыс ұйымдастыру мен өткiзудi; жануарлардың жаппай жұқпалы емес ауруларын алдын-алу бойынша ұйымдастыру-шаруашылық және ветеринарлық-санитарлық iс-шаралардың жоспарын жасау; жануарлардың инфекциялық, инвазиялық ауруларын алдын-алу мен жою бойынша iс-шараларды ұйымдастыру жолымен iске асырылады. Адам мен жануарларға ортақ аурулардан эпизоотиялық саулық пен тұрғындарды қорғауды қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық iс-шараларды өткiзу ақысыз болып табылады.

Қазiргi уақытта тұрғындардың 65% жуығы қалаларда тұрыуна қарамастан, ветеринарлық қызметтiң бiрiншi маңыздылығы бар мiндетi болып ең алдымен селолық аудандарға ветеринарлық-санитарлық саулықты қамтамасыз ету қала бередi.Аудандардағы ветеринарлық қызметтi аудандық ветеринария бөлiмi мен селолық округтердегi ветеринарлық бекеттерi бар аудандық ветеринарлық станциялар және аудандық ветеринарлық зертханалар сияқты мемлекеттiк ветеринарлық мекемелер қамтамасыз етедi.

Соңғы жылдарда аудандардағы ветеринарлық станциялар мен ветеринарлық бекеттердi материалдық-техникалық жабдықтау өткiзiлдi. Ветеринарлық алдын-алу iс-шараларды өткiзу үшiн барлық қажеттiлiк бар, бұл компьютерлер, жабдықтар, автокөлiктер және т.с.с. Ветеринарлық мамандардың штаты толықтырылған.

Жұқпалы ауруларды алдын-алуға ерекше көңiл бөлiнедi. Сол себептен, тұрақты түрде аудандарда жұқпалы аурулардың шығуына мониторинг жүргiзiледi, алдында сау болған бекеттерде аурудың қайта болу себептерi анықталады. Жануарлардың жұқпалы аурулары анықталған жағдайда, ары қарай жайылмау үшiн аурудан сау емес бекеттер ашылады, оларға шұғыл түрде карантин немесе шаруашылық қызметке шектеу еңгiзiледi және сауықтыру iс-шаралары өткiзiледi.

Ветеринариялық қызметтердiң қолданып жатқан шаралар арқасында облыс аумағында тұрақты сау эпизоотиялық жағдай сақталуда.

СҚО ветеринария басқармасы ветеринарлық
iс-шараларды ұйымдастыру бөлiмiнiң басшысы 
Қ.С. Казанов