МО ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНДАҒЫ ТІЛ САЯСАТЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ


Маңғыстау облысының ветеринария басқармасындағы (бұдан әрі – Басқарма) тіл саясаты «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылуда.

Мемлекеттік тілді дамыту үшін мынадай жұмыстар жүргізілуде:  қазіргі таңда басқармада жеке және заңды тұлғалардың өзге тілдегі өтініштеріне жауап хаттардан басқа барлық шығыс хат - хабарлар тек мемлекеттік тілде жолданады. Бұл ретте, мемлекеттік тілдегі мәтін бланкіге басылып, орыс тіліндегі мәтін қажет болған жағдайда тек қосымша ретінде беріледі. Басқарманың  сыртқы және ішкі құжат айналымы мемлекеттік тілде жүргізіледі. Басқармада  31.12.2016ж. жағдай бойынша шығыс хаттар саны   - 1013 бірлікті құраса, оның ішінде мемлекеттік тілдегі құжаттар 1013 немесе 100%-ды құрайды. Нормативтік құқықтық актілерді, құжаттарды, хаттарды басқарма қызметкерлері мемлекеттік тілде өздері дайындайды. Басқарма ғимаратындағы барлық көрнекі ақпараттар, маңдайша жазулары, стендттер  мемлекеттік тілде орналасқан және барлық аппараттық жиналыстар, мәдени және спорттық іс-шараларды өткізу кезінде мемлекеттік тіл қолданылады.

Алдағы уақытта басқарма тарапынан мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасын табатын болады.