Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы


 

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығы


«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығын iске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi – Бағдарлама) бекiтiлсiн. 2. Қазақстан Республикасының Үкiметi: 1) бiр ай мерзiмде Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлесiн және бекiтсiн; 2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнiң одан әрi жұмыс iстеуiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында айқындалған мерзiмде Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне Бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын. 3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн. 4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.       Қазақстан Республикасының       Президентi                                 Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығымен БЕКIТIЛГЕН

Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТIК БАҒДАРЛАМАСЫ

Бағдарлама паспорты

Бағдарламаның атауы

Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы

Әзiрлеу үшiн негiз

Бағдарлама Қазақстан Республикасы Конституциясының 7, 93-баптарына; «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» 1997 жылғы 11 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына; Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспарына; «Мемлекеттiк бағдарламалардың тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына, Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сессиясында берген тапсырмаларын орындау жөнiндегi Iс-шаралар жоспарының 3-тармағына; Ел бiрлiгi доктринасына; Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1122 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейтудiң, оның бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттырудың 2007 – 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес әзiрлендi

Бағдарламаны әзiрлеу үшiн жауапты мемлекеттiк орган

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi

Бағдарламаны жүзеге асыру үшiн жауапты мемлекеттiк органдар

Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар

Бағдарламаның мақсаты

Қазақстанда тұратын барлық этностардың тiлдерiн сақтай отырып, ұлт бiрлiгiн нығайтудың аса маңызды факторы ретiнде мемлекеттiк тiлдiң кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететiн үйлесiмдi тiл саясаты

Мiндеттерi

Мемлекеттiк тiлдi оқытудың әдiснамасын жетiлдiру және стандарттау; мемлекеттiк тiлдi оқытудың инфрақұрылымын дамыту; мемлекеттiк тiлдi оқыту процесiн ынталандыру; мемлекеттiк тiлдi қолданудың мәртебесiн арттыру; мемлекеттiк тiлге сұранысты арттыру; қазақ тiлiнiң лексикалық қорын жетiлдiру және жүйелеу; тiл мәдениетiн жетiлдiру; коммуникативтiк-тiлдiк кеңiстiктегi орыс тiлiнiң қызмет етуi; Қазақстандағы тiлдiк әралуандықты сақтау; ағылшын және басқа да шет тiлдерiн оқып-үйрену

Iске асыру мерзiмi

2011 – 2020 жылдар бiрiншi кезең: 2011 – 2013 жылдар екiншi кезең: 2014 – 2016 жылдар үшiншi кезең: 2017 – 2020 жылдар

Нысаналы индикаторлар

Мыналарды: мемлекеттiк тiлдi меңгерген ересек тұрғындардың үлесiн («Қазтест» тапсырудың нәтижесi бойынша 2014 жылға қарай – 20%, 2017 жылға қарай – 80%, 2020 жылға қарай – 95%); мемлекеттiк тiлдi В1 деңгейiнде меңгерген мектеп түлектерiнiң үлесiн (2017 жылға қарай – 70%, 2020 жылға қарай – 100%); мемлекеттiк бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тiлiндегi контенттiң үлесiн (2014 жылға қарай –  53%, 2017 жылға қарай – 60%, 2020 жылға қарай – 70%); тұрғындардың ономастикалық комиссиялардың жұмысындағы шешiм қабылдау процесiн талқылау кезiнде қоғамдық қолжетiмдiлiк пен ашықтық қағидаттарының сақталуына қанағаттанушылық дәрежесiн (2014 жылға қарай – 60%, 2017 жылға қарай – 75%, 2020 жылға қарай – 90%); қазақ тiлiнiң реттелген терминологиялық қорының үлесiн (2014 жылға қарай – 20%, 2017 жылға қарай – 60%, 2020 жылға қарай – 100%); республикадағы орыс тiлiн меңгерген ересек тұрғындардың үлесiн (2020 жылға қарай – 90%); ұлттық-мәдени бiрлестiктер жанындағы ана тiлдерiн оқытатын курстармен қамтылған этностардың үлесiн (2014 жылға қарай – 60%, 2017 жылға қарай – 80%, 2020 жылға қарай – 90%); республикадағы ағылшын тiлiн меңгерген тұрғындардың үлесiн (2014 жылға қарай – 10%, 2017 жылға қарай – 15%, 2020 жылға қарай – 20%); үш тiлдi (мемлекеттiк, орыс және ағылшын) меңгерген тұрғындардың үлесiн (2014 жылға қарай – 10%, 2017 жылға қарай – 12%, 2020 жылға қарай – 15 %-ға дейiн) ұлғайту.

Қаржыландыру көздерi мен көлемi

2011 – 2020 жылдары Бағдарламаны iске асыруға республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қаражат жұмсалатын болады. Бағдарламаның бiрiншi кезеңiн iске асыруға арналған мемлекеттiк бюджеттiң жалпы шығыны 19 134 946 мың теңгенi құрайды. 2011 – 2020 жылдарға арналған Бағдарламаны қаржыландыру көлемi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиiстi қаржы жылдарына арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердi қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады.

Кiрiспе

Тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 және 93-баптарына; «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» 1997 жылғы 11 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына; Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспарына; «Мемлекеттiк бағдарламалардың тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына; Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сессиясында берген тапсырмаларын орындау жөнiндегi Iс-шаралар жоспарының 3-тармағына; Ел бiрлiгi доктринасына; Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1122 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейтудiң, оның бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттырудың 2007 – 2010 жылдарға арналған  тұжырымдамасына сәйкес әзiрлендi. Iске асырылуы он жылға есептелген Бағдарлама елiмiзде қалыптасқан тiл құрылысын талдауға негiзделген, тiл мәселелерiмен айналысатын сарапшылар қауымының пiкiрлерi мен ұсыныстары ескерiле отырып әзiрленген. Бағдарламаны әзiрлеу кезiнде 30-дан астам шет елдiң мемлекеттiк тiл саясатын жүзеге асыруға қатысты мәселелерiнiң құқықтық реттеу тәжiрибесi зерделендi. Бұл құжат қоғамдық өмiрдiң барлық саласында тiлдердi дамыту мен қолдану және мемлекеттiк тiлдi кең ауқымды қолдану үшiн жағдай жасауға байланысты өзектi проблемаларды шешудiң нормативтiк-ұйымдастырушылық негiзi болып табылады. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев: «Бiз барша қазақстандықтарды бiрiктiрудiң басты факторы болып табылатын қазақ тiлiнiң одан әрi дамуы үшiн барлық күш-жiгерiмiздi салуымыз керек. Сонымен бiрге елiмiзде тұратын барлық халықтардың өкiлдерi ана тiлдерiнде еркiн сөйлей, оқи алуына, оны дамытуға қолайлы жағдай тудыру қажет» деп атап көрсеткен болатын. Ел бiрлiгi доктринасында мемлекеттiк тiл ұлттық және рухани бiрлiктiң басты факторы, негiзгi басымдығы ретiнде айқындалған. Оны меңгеру әрбiр Қазақстан азаматының парызы мен мiндетi саналып, жеке өзiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгi мен қоғамдық өмiрге араласуының белсендiлiгiн айқындайтын ынталандырушы тетiк болуға тиiс. Бағдарламада белгiленген мақсаттар мен мiндеттер Бағдарламаны iске асырудың барлық кезеңiне арнап уәкiлеттi мемлекеттiк орган әзiрлейтiн және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлетiн Iс-шаралар жоспары арқылы жүзеге асырылады. Бағдарламада көзделген барлық iс-шаралар ұлт бiрлiгiн нығайтудың маңызды факторы ретiнде мемлекеттiк тiлдi дамытудың басымдығына негiзделген және азаматтардың рухани-мәдени және тiлдiк қажеттiлiктерiн толық қанағаттандыруға бағытталған. Бағдарламаға қатысты барлық iс-шаралар Конституцияның 7-бабына және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң 2007 жылғы 23 ақпандағы № 3 қаулысына барынша сәйкес түзiлген. Бағдарламаны iске асырудың нәтижелi болуы жоспарланған iс-шараларды iске асырудың тиiмдiлiгiне қол жеткiзу үшiн қажеттi нормативтiк-құқықтық базаны жетiлдiру және негiзгi бағдарламалық iс-шараларды мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларына кiрiктiру жолымен қамтамасыз етiлетiн болады. Сонымен қатар, бұл шаралардың практикалық нәтижесiне қол жеткiзу үшiн барлық мемлекеттiк органдар мен шаруашылық субъектiлерi, оның iшiнде ұлттық компаниялар мен қаржылық ұйымдар күш жұмылдыруға тиiс.

Қазiргi ахуалды талдау

Тәуелсiз Қазақстанда оңтайлы әлеуметтiк-лингвистикалық кеңiстiк құру тiл саясатын кезең-кезеңмен iске асыру арқылы жолға қойылып отыр. 1997 – 2000 жылдары «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» 1997 жылғы Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына және Тiлдердi қолдану мен дамытудың 1998 – 2000 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының бекiтiлуiне орай қоғам өмiрiнiң негiзгi салаларында тiл құрылысының құқықтық негiзi қалыптаса бастады. 2001 – 2010 жылдары Тiлдердi қолдану мен дамытудың он жылға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру аясында тiл құрылысы стратегиясының мынадай үш бағыты айқындалды: мемлекеттiк тiлдiң әлеуметтiк-коммуникативтiк қызметiн кеңейту және нығайту, орыс тiлiнiң жалпы мәдени қызметiн сақтау, Қазақстан халқының басқа да тiлдерiн дамыту. Сондай-ақ осы кезеңде Мемлекет басшысының бастамасы бойынша «Тiлдiң үш тұғырлылығы» ұлттық мәдени жобасын iске асыру жұмысы басталды.       Бағдарламаны iске асыру қорытындылары Қазақстан Республикасындағы тiл құрылысының келешекпен сабақтас негiзiн қалады: – мемлекеттiк тiлдi оқытудың инфрақұрылымы елеулi түрде кеңейдi: қазақ тiлiнде оқытатын балабақшалар – 1178 (2001 жылмен салыстырғанда 876-ға өскен), мектептер – 3821 (2001 жылмен салыстырғанда 173-ке артты), 101 мемлекеттiк тiлдi оқыту орталығы құрылды; – iс қағаздарын жүргiзудi мемлекеттiк тiлге көшiру процесi белсендiлiкпен iске асырылып келедi (мемлекеттiк органдардағы қазақ тiлiндегi құжаттардың үлес салмағы шамамен 67 %-ды құрайды); – мемлекеттiк тiлдi оқытудың әдiстемелiк базасы әзiрлену үстiнде (көп деңгейлi оқу-әдiстемелiк кешендер, жалпы таралымы 720 мың дана 10 түрлi сөздiк, жалпы таралымы 260 мың дана екi және үштiлдi 8 салалық сөздiк жарық көрдi); – мемлекеттiк тiлдi меңгеру процесiне жаңа ақпараттық технологияларды енгiзу мақсатында интернет-портал құрылып, тұрақты түрде жаңартылып отырады (сервистiң 20-дан астам түрi, әлемнiң 50 елiн қамтитын белсендi тұтынушылар аудиториясы бар); – мемлекеттiк тiлдiң коммуникативтiк қызметi нығаюда (мемлекеттiк бұқаралық ақпарат құралдарының (бұдан әрi – БАҚ) контентiнде қазақ тiлiндегi хабарлардың көлемi, сонымен қатар баспасөздегi мемлекеттiк тiлдiң үлесi 50 %-дан жоғары); – шетелде тұратын отандастармен мәдени байланыстарды дамыту және нығайту жөнiндегi жұмыстар жоспарлы түрде жүргiзiлуде; – Қазақстанда тұратын этностардың тiлдерiн мемлекеттiк қолдаудың тиiмдi жүйесi құрылды (жалпы бiлiм беретiн 7516 мектептiң 1524-i орыс тiлiнде, 58-i өзбек тiлiнде, 14-i ұйғыр тiлiнде, 2-еуi тәжiк тiлiнде оқытады, 2097-сi – аралас мектептер; 2261 мектепке дейiнгi бiлiм беру мекемесiнiң 272-сi орыс тiлiнде, 3-еуi басқа тiлдерде оқытады, екi тiлде оқытатын мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарының саны – 808; этномәдени бiрлестiктердiң 190 жексенбiлiк мектебiнде 30 этностық топ ана тiлiн үйренуде; Қазақстандағы 50 театрдың 9-ы аралас тiлде, 15-i орыс тiлiнде, 1-еуi – корей, 1-еуi – немiс, 1-еуi – өзбек және 1-еуi ұйғыр тiлдерiнде). Алдағы онжылдықтағы (2011 – 2020 жылдардағы) тiл құрылысының қисыны елiмiзде бiрқатар проблемалы аспектiлердiң бар болуымен байланысты.       Қоғамдағы мемлекеттiк тiлдi меңгерудiң әркелкi деңгейi. Бұл  проблемалы аспект мемлекеттiк тiлдi оқытудың бiрыңғай әдiснамасы мен стандарттарының, қазақ тiлi оқытушылары мен мамандарының даярлық деңгейiнiң төмендiгiмен, қазақ тiлiн оқыту инфрақұрылымы қызметiнiң бiрыңғай стандарттарының болмауымен, мемлекеттiк тiлдi меңгеру процесiн ынталандыру және мониторинг жасау жүйесiнiң болмауымен тiкелей байланысты.       Елдiң әлеуметтiк-коммуникативтiк кеңiстiгiне мемлекеттiк тiлдiң жеткiлiксiз енгiзiлуi. Бұл бағыттағы проблемалы мәселелер, ең алдымен, халықаралық коммуникациялар, демалу мен ойын-сауық саласында  мемлекеттiк тiлдi белсендi қолдану аясының кеңеюiне, оны заңның, ғылымның және жаңа технологиялардың тiлi ретiнде дамытуға байланысты болып отыр. Сонымен қатар, мемлекеттiк тiлдi қолданудың мәртебесiн арттыру, оны отбасы құндылығы ретiнде таныту сияқты мәселелердiң маңызды тiзбесi проблемалы болып табылады, сондай-ақ тiл саласындағы кейбiр келеңсiз дақпырттар мен таптаурын пiкiрлер де осы проблемалардың қатарынан орын алып отыр.       Қазақстан қоғамындағы тiл мәдениетiнiң төмендеуi. Аталған аспект бойынша, терминология, антропонимика және ономастика салаларындағы проблемалар, сөйлеу мәдениетi мен жазу жүйесiн жетiлдiру қажеттiлiгi, сондай-ақ толерантты тiлдiк орта құру мәселесi лингвистикалық кеңiстiктiң одан әрi дамуы жолында айтарлықтай қиындықтар туындатып отыр.       Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын сақтау және нығайту  қажеттiлiгi. Бұл аспектiде қазақстандықтардың бәсекелестiк басымдығы ретiнде орыс тiлiн меңгеру деңгейiн сақтауға, Қазақстан мәдениетiнiң тiлдiк әралуандығын қалыптастыратын этностардың тiлдерiн дамыту үшiн жағдай жасауға және халықаралық iскерлiк қарым-қатынас құралы ретiнде  ағылшын және басқа да шет тiлдерiн оқып-үйренуге байланысты проблемалар жиынтығы бар. Осы проблемаларды шешудiң және нормативтiк-құқықтық базаны жетiлдiрудiң басым қажеттiлiгi бағдарламаның мынадай мақсаттары мен мiндеттердi көздейдi.

Бағдарламаның мақсаттары, мiндеттерi, нысаналы индикаторлары және оны iске асыру нәтижелерiнiң көрсеткiштерi

Бағдарламаның басты мақсаты – Қазақстанда тұратын барлық этностардың тiлдерiн сақтай отырып, ұлт бiрлiгiн нығайтудың аса маңызды факторы ретiнде мемлекеттiк тiлдiң кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететiн үйлесiмдi тiл саясаты. Бағдарламалық мақсаттар: 1) мемлекеттiк тiл – ұлт бiрлiгiнiң басты факторы; 2) мемлекеттiк тiлдi көпшiлiктiң кеңiнен қолдануына қол жеткiзу; 3) дамыған тiл мәдениетi – зиялы ұлттың әлеуетi; 4) қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту. Нысаналы индикаторлар: мемлекеттiк тiлдi меңгерген ересек тұрғындардың үлесi («Қазтест» бағдарламасы бойынша қазақ тiлiн бiлу деңгейiн бағалау жүйесi бойынша емтихан тапсырудың нәтижесi бойынша Қазақстан Республикасы азаматтары 2014 жылға қарай – 20%, 2017 жылға қарай – 80%, 2020 жылға қарай – 95%); мемлекеттiк тiлдi В1 деңгейiнде меңгерген мектеп түлектерiнiң үлесi (2017 жылға қарай – 70%, 2020 жылға қарай – 100%); мемлекеттiк бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тiлiндегi контенттiң үлесi (2014 жылға қарай – 53%, 2017 жылға қарай – 60%, 2020 жылға қарай – 70%); тұрғындардың ономастикалық комиссиялардың жұмысындағы шешiм қабылдау процесiн талқылау кезiнде қоғамдық қолжетiмдiлiк пен ашықтық  қағидаттарының сақталуына қанағаттанушылық дәрежесi (2014 жылға қарай – 60%, 2017 жылға қарай – 75%, 2020 жылға қарай – 90%); қазақ тiлiнiң реттелген терминологиялық қорының үлесi (2014 жылға қарай – 20%, 2017 жылға қарай – 60%, 2020 жылға қарай – 100%); республикадағы орыс тiлiн меңгерген ересек тұрғындардың үлесi (2020 жылға қарай – 90%); ұлттық-мәдени бiрлестiктер жанындағы ана тiлдерiн оқытатын курстармен қамтылған этностардың үлесi (2014 жылға қарай – 60%, 2017 жылға қарай – 80%, 2020 жылға қарай – 90%); республикадағы ағылшын тiлiн меңгерген тұрғындардың үлесi (2014 жылға қарай – 10%, 2017 жылға қарай – 15%, 2020 жылға қарай – 20%); үш тiлдi (мемлекеттiк, орыс және ағылшын) меңгерген тұрғындардың үлесi (2014 жылға қарай – 10%, 2017 жылға қарай – 12%, 2020 жылға қарай – 15%). Мiндеттер: 1) мемлекеттiк тiлдi оқытудың әдiснамасын жетiлдiру және стандарттау; 2) мемлекеттiк тiлдi оқытудың инфрақұрылымын дамыту; 3) мемлекеттiк тiлдi оқыту процесiн ынталандыру; 4) мемлекеттiк тiлдi қолдану мәртебесiн арттыру; 5) мемлекеттiк тiлге сұранысты арттыру; 6) қазақ тiлiнiң лексикалық қорын жетiлдiру және жүйелеу; 7) тiл мәдениетiн жетiлдiру; 8) коммуникативтiк-тiлдiк кеңiстiктегi орыс тiлiнiң қызмет етуi; 9) Қазақстандағы тiлдiк әралуандықты сақтау; 10) ағылшын және басқа да шет тiлдерiн оқып-үйрену. Нәтижелер көрсеткiштерi: мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы шеңберiнде оқытылатын қазақ тiлi пәнi оқытушыларының саны (жыл сайын 500 адамнан кем емес); он-лайн режимi арқылы қашықтан қол жеткiзу мүмкiндiгiн пайдалана отырып ұйымдастырылған мемлекеттiк тiлдi оқыту орталықтары оқытушыларының бiлiктiлiгiн арттыруға бағытталған iс-шаралардың үлесi (2014 жылға қарай – 20%, 2017 жылға қарай – 50%, 2020 жылға қарай – 90%); аккредиттеуден өткен Мемлекеттiк тiлдi оқыту орталықтарының үлесi (2014 жылға қарай – 30%, 2017 жылға қарай – 70%, 2020 жылға қарай – 100%); Қазақ тiлiн тiлдi оқытатын орталықтарда оқитындар санының өсуi (2009 жылмен салыстырғанда 2014 жылы кемiнде 30%, 2017 жылғы өсiм кемiнде 70%, 2020 жылға қарай – 100%); мемлекеттiк тiлдi бiлудiң «Қазтест» бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының қазақ тiлiн бiлу деңгейiн бағалау жүйесi бойынша сертификат алған мемлекеттiк қызметшiлердiң үлесi (2017 жылға қарай кемiнде 50%, 2020 жылға қарай 100%); мемлекеттiк тiлдi бiлудiң «Қазтест» бағдарламасы бойынша сертификат алған мемлекеттiк қызмет көрсететiн ұйымдардағы қызметкерлердiң үлесi (2017 жылға қарай кемiнде 50%, 2020 жылға қарай 100%); мемлекеттiк тiлдi көпшiлiктiң кеңiнен қолдануына бағытталған мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстың үлесi (жыл сайын кемiнде 10%); мемлекеттiк БАҚ эфирiндегi мемлекеттiк тiлдегi жаңа телевизиялық жобалар санының өсуi (жыл сайын 10%); мемлекеттiк тiлде шығатын баспа БАҚ қолдауға бағытталған мемлекеттiк ақпараттық тапсырыстың үлесi (жыл сайын кемiнде 50%); көрнекi ақпараттың пайдаланылуын бақылаудың өңiрлердi қамту дәрежесi (2014 жылға қарай – 30%, 2017 жылға қарай – 50%, 2020 жылға қарай – 100%); тұрғындардың терминологиялық комиссиялардың жұмысындағы шешiм қабылдау процесiн талқылау кезiнде қоғамдық қолжетiмдiлiк пен ашықтық қағидаттарының сақталуына қанағаттанушылық дәрежесi (2014 жылға қарай – 60%, 2017 жылға қарай – 75%, 2020 жылға қарай – 100%); ана тiлдерiн үйретуге арналған әдiстемелiк көмекпен қамтылған ұлттық-мәдени бiрлестiктерi бар этностардың үлесi (2014 жылға қарай – 20%, 2017 жылға қарай – 60%, 2020 жылға қарай – 100%); орталықтардың жалпы санына шаққанда ағылшын және басқа да шет тiлдерiн үйрету мақсатымен қызметiн ұсынатын мемлекеттiк тiл оқыту орталықтарының үлесi (2014 жылға қарай – 50%, 2017 жылға қарай – 75%, 2020 жылға қарай – 100%).

Бағдарламаның негiзгi бағыттары, алға қойылған мақсаттарға қол жеткiзу жолдары және тиiстi шаралар

Бiрiншi бағыт – мемлекеттiк тiлдi меңгеру Мақсаты: «Мемлекеттiк тiл – ұлт бiрлiгiнiң басты факторы» Нысаналы индикаторлар: мемлекеттiк тiлдi меңгерген ересек тұрғындардың үлесi («Қазтест» бағдарламасы бойынша қазақ тiлiн бiлу деңгейiн бағалау бойынша емтихан тапсыру нәтижелерi бойынша, Қазақстан Республикасы азаматтары 2014 жылға қарай – 20%, 2017 жылға қарай – 80%, 2020 жылға қарай – 95%); мемлекеттiк тiлдi В1 деңгейiнде меңгерген мектеп түлектерiнiң үлесi (2017 жылға қарай – 70%, 2020 жылға қарай – 100%). Бағдарламаның бiрiншi бағытын iске асыру арқылы Қазақстанның барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi меңгеру жүйесiн құру жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру көзделедi. Бұл жүйенiң өзегiнде үшқұрамды негiз бар – мемлекеттiк тiлдi оқыту әдiснамасын жетiлдiру, оқытудың инфрақұрылымын кеңейту және мемлекеттiк тiлдi меңгеру процесiн ынталандыру. Аталған тәсiл бiрiншi бағыттың үш мiндетiн айқындайды. 1. Мемлекеттiк тiлдi оқыту әдiснамасын жетiлдiру және стандарттау Қазақ тiлiн оқыту әдiснамасын жетiлдiру үшiн ең алдымен, оқытудың тиiстi стандарттарын жетiлдiру және үздiксiз бiлiм беру моделiн жасау арқылы мемлекеттiк тiлдi меңгеру деңгейiн бағалау жүйесiн енгiзу қарастырылып отыр. Көпдеңгейлi стандарт арқылы тiлдi А1-А2 деңгейлерi бойынша қарапайым түрде пайдалану, тiлдi В1-В2 деңгейлерi бойынша өз бетiнше пайдалану және тiлдi С1-С2 деңгейлерi бойынша бiлiктiлiкпен пайдалану  көзделуге тиiс. Құрылған стандартты жүйенiң негiзiнде мемлекеттiк тiлдi оқытудың әдiснамалық негiзiн дайындау, оның iшiнде мүмкiндiгi шектеулi адамдар үшiн де әзiрлеу көзделедi. Осы шаралар мемлекеттiк тiлдi бастауыш сыныптарындағы оқушылардың А1 деңгейiнде, орта буындағы оқушылардың А2 деңгейiнде, мектептiң жоғары сынып, сондай-ақ техникалық және кәсiптiк бiлiм беру мекемелерi оқушыларының В1 деңгейiнде, жоғары оқу орны студенттерiнiң В2 деңгейiнде, жоғары оқу орнынан кейiн бiлiм алатындардың С1 деңгейiнде игеруiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Бұған қоса, тiлдi меңгеру үлгiлерiн жетiлдiру мен жаңғырту көзделедi. Қазақ тiлi толыққанды күнделiктi қызметтiк және кәсiптiк қарым-қатынас тiлiне айналуға тиiс. Үздiксiз бiлiм беру моделi арқылы қазақ тiлiн оқытудың стандарты негiзiнде шығармашылық педагогикалық iзденiстiң және оқытудың жаңа әдiстемелерiн әзiрлеудiң тұрақты процесi сөзсiз қажеттiлiкке айналатын болады.       Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қазақ тiлi оқытушыларын оқыту және олардың бiлiктiлiгiн арттыру құрылатын жүйенiң қажеттi құрамдас бөлiгi болып табылады. Мамандарды жоғары сапалы деңгейде оқыту iсiн жүргiзуге ұйымдастырушылық және әдiстемелiк мүмкiндiгi бар ғылыми-бiлiм беру орталықтары санының аздығына байланысты қашықтан оқыту жүйесiн кеңiнен енгiзу көзделедi. 2. Мемлекеттiк тiлдi оқытудың инфрақұрылымын дамыту Қазақстанның барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi меңгеру жүйесiнiң ең қажеттi екiншi құрамдас бөлiгi – қазақ тiлiн оқыту орталықтарының аккредиттелген желiсiн құру болып табылады. Қазақ тiлiн оқытуға арналған осы орталықтар оқу орындарын бiтiрген Қазақстанның ересек азаматтарының мемлекеттiк тiлдi меңгеруiнiң инфрақұрылымдық базасына айналуға тиiс. Аталған бағытты жүзеге асыру Мемлекеттiк тiлдi оқыту орталықтарының бiлiм беру қызметiне мiндеттi талаптарды енгiзудi көздейдi. Бұл үшiн, ең алдымен, орталықтардың бiлiм беру қызметiне қойылатын талаптарды енгiзу үшiн құқықтық базаны, сондай-ақ мемлекеттiк тiлдi оқыту орталықтарын осы талаптарға сәйкес аккредиттеудi жүзеге асыру үшiн құқықтық негiздi жетiлдiру жөнiнде шаралар қабылдау. Сонымен қатар, мемлекеттiк тiлдi оқыту орталықтарының қызметiн рейтингтiк бағалау жүйесiн енгiзу қарастырылады. Орталықтардың рейтингiн жасауға орталық тыңдаушыларының «Қазтест» бағдарламасы бойынша емтихан тапсыру нәтижелерi туралы шынайы мәлiметтер негiз болады. Рейтинг мәлiметтерi қоғам үшiн де, бұқаралық ақпарат құралдарында кеңiнен жариялау үшiн де қолжетiмдi болмақ. Рейтинг жүйесiн енгiзу үшiн мемлекеттiк тiлдi оқыту орталықтары қызметiне рейтингтiк бағалау жүргiзудiң құқықтық негiзi мен әдiснамасын әзiрлеу қажет. 3. Мемлекеттiк тiлдi оқыту процесiн ынталандыру Қойылған мақсатқа қол жеткiзудiң үшiншi мiндеттi құрамдас бөлiгi мемлекеттiк тiлдi оқыту процесiн ынталандыру және мониторинг жүргiзу жүйесiн құру болып табылады. Аталған мiндеттi мемлекеттiк қызметшiлердiң, мемлекеттiк қызмет көрсету, сондай-ақ халыққа қызмет ұсыну саласындағы ұйымдардың қызметкерлерiнiң (банктер, сауда ұйымдары, қызмет көрсету саласы және тағы басқалары) қазақ тiлiн бiлу деңгейiне қойылатын ең төменгi талаптарды айқындау арқылы iске асыру көзделедi. Аталған шара мемлекеттiк тiлдi меңгеру деңгейiне қойылатын талаптарды бекiтетiн құқықтық базаны әзiрлеудi, сондай-ақ мемлекеттiк қызметшiлерге қазақ тiлiн оқыту жүйесiн ұйымдастыруды қажет етедi. Сонымен қоса «Қазтест» бағдарламасының негiзiнде бiлiм деңгейiн жыл сайын бақылаудың жыл сыйынғы жүйесiн енгiзу көзделедi.       Бiлiм беру жүйесiнiң барлық сатыларында мемлекеттiк тiлдi бiлу деңгейiн бағалау және бақылау жүйесiн жетiлдiру мәселесiн пысықтау көзделедi. Қазақ тiлi мемлекеттiк аралық бақылау (МАБ) мен ұлттық бiрыңғай тестiлеудiң (ҰБТ) қажеттi және мiндеттi құрамдас бөлiгiне айналуға тиiс.       Қазақ тiлiн үйренуге мүдделi барлық тұлғаларға кеңiнен мемлекеттiк қолдау көрсету көзделген. Осы шаралардың қатарында мемлекеттiк тiлдi оқыту орталықтарының жанынан бiлiм деңгейi бойынша тегiн курстар ұйымдастыру, сондай-ақ осы жұмысқа мемлекеттiк-жекеше серiктестiк әдiстерiн қолдану қарастырылған. Сонымен қатар, оқытудың инновациялық түрлерi мен әдiстемелерiн әзiрлеу арқылы қазақ тiлiн қашықтан оқытуды кеңiнен енгiзу көзделедi. Шетелдегi қазақ диаспорасының өкiлдерiне ана тiлiн меңгеру үшiн саяси-дипломатиялық, әдiстемелiк және ұйымдастырушылық қолдау көрсетiлетiн болады. Сонымен қатар отандастар мәселелерi бойынша сараптамалық және зерттеу жұмыстарының жүйесiн ұйымдастыру көзделедi. Нәтижелер көрсеткiштерi: мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы шеңберiнде оқытылатын қазақ тiлi оқытушыларының саны (жыл сайын 500 адамнан кем емес); он-лайн режимi арқылы қашықтан қол жеткiзу мүмкiндiгiн пайдалана отырып ұйымдастырылған мемлекеттiк тiлдi оқыту орталықтары оқытушыларының бiлiктiлiгiн арттыруға бағытталған iс-шаралардың үлесi (2014 жылға қарай – 20%, 2017 жылға қарай – 50%, 2020 жылға қарай – 90%); аккредиттеуден өткен мемлекеттiк тiлдi оқыту орталықтарының үлесi (2014 жылға қарай – 30%, 2017 жылға қарай – 70%, 2020 жылға қарай – 100%); мемлекеттiк тiлдi оқыту орталықтарында қазақ тiлiн мемлекеттiк қатысу тұрғысынан оқитындар санының өсуi (2009 жылмен салыстырғанда 2014 жылғы өсiм 30 %-дан кем емес, 2017 жылғы өсiм 70 %-дан кем емес, 2020 жылға қарай – 100%); «Қазтест» бағдарламасы бойынша мемлекеттiк тiлдi бiлу сертификатын алған мемлекеттiк қызметшiлердiң үлесi (2017 жылға қарай – 50%, 2020 жылға қарай – 100%); «Қазтест» бағдарламасы бойынша мемлекеттiк тiлдi бiлу сертификатын алған, мемлекеттiк қызмет көрсететiн ұйымдардағы қызметкерлердiң үлесi (2017 жылға қарай – 50%, 2020 жылға қарай – 100%). Екiншi бағыт – мемлекеттiк тiлдi көпшiлiктiң қолдануына қол жеткiзу және оның пайдаланылу аясын кеңейту Мақсаты: «Мемлекеттiк тiлдiң көпшiлiктiң кеңiнен қолдануына қол жеткiзу» Нысаналы индикаторлар: мемлекеттiк бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тiлiндегi контенттiң үлесi (2014 жылға қарай – 53%, 2017 жылға қарай – 60%, 2020 жылға қарай – 70%). Екiншi мақсатқа қол жеткiзудiң алгоритмi арқылы мемлекеттiк тiлдiң беделiн арттыру мен қолданылу аясын кеңейту жөнiндегi жұмысты жүзеге асыруды көздейдi. 1. Мемлекеттiк тiлдi қолдану мәртебесiн арттыру Бұл мiндеттi iске асыруға қоғамдық санада мемлекеттiк тiлде сөйлеушiнiң беделдi бейнесiн қалыптастыру және орнықтыру арқылы қол жеткiзiледi. Осы бағыттағы негiзгi рөлге PR-технологиялар ие болады. Бұл үшiн мемлекеттiк тiлдi көпшiлiктiң қолдануына қол жеткiзу және насихаттау жөнiндегi арнайы жұмыстарды ұйымдастыру көзделедi. Нысаналы аудиториялардың негiзгi ерекшелiктерiн ескере отырып, бiрқатар үлгi тұтарлық бейнелер мен модельдердi әзiрлеу негiзiнде мемлекеттiк тiлде сөйлеушiнiң беделдi бейнесiн қалыптастыру жөнiндегi жұмысқа табысқа жеткен, мәртебелi тұлғаларды, оның iшiнде мемлекеттiк және басқа да тiлдердi бiлетiн өзге ұлт өкiлдерiн тарту көзделедi. Аталған жұмыстар жиынтығы, сондай-ақ мемлекеттiк тiлде сөйлеушiнiң беделдi бейнесiн қалыптастыру процесiне мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс тетiгi мен мемлекеттiк ақпараттық тапсырыс негiзiнде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үкiметтiк емес сектордың шығармашыл әлеуетiн тартуды талап етедi. Жоспарланып отырған шаралар қатарында Интернеттi қоса алғанда, БАҚ-тың барлық түрiнде мемлекеттiк тiлдi көпшiлiктiң қолдануына қол жеткiзетiн үлгi тұтарлық бейнелердi медиалық ротациялау, көпшiлiкке арналған мерзiмдi басылымдарды шығаруды, негiзгi нысаналы аудиториялар үшiн көрнекi және имидждiк өнiмдер шығара отырып, көрнекi үгiт құралдарының PR iс-шаралар кешенiн ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Мемлекеттiк тiлдi көпшiлiктiң қолдануына қол жеткiзу жөнiндегi жұмысқа бiрлескен акциялар өткiзу арқылы мемлекеттiк-жекеше серiктестiк әдiстерiн тарту көзделедi.       Мемлекеттiк тiлдi отбасы құндылығы ретiнде көпшiлiктiң қолдануына қол жеткiзу аталған жүйенiң маңызды құрамдас бөлiгi болып табылады. Қазақ тiлiнде сөйлейтiн, оның iшiнде ұлты қазақ емес танымал отбасыларын және шетел диаспорасы өкiлдерiн PR жұмысына тарту арқылы мемлекеттiк тiлдi отбасындағы қарым-қатынас тiлi ретiнде көпшiлiктiң қолдануына қол жеткiзу жөнiнде ауқымды науқан ұйымдастыру көзделедi. Сонымен қатар қоғамдық пiкiр көшбасшыларын тарта отырып, ақпараттық-идеологиялық сипаттағы шаралар кешенiн – ақпараттық және қоғамдық науқандар, iрi қоғамдық қозғалыстар, акциялар мен жобалар ұйымдастыру талап етiледi. Қоғамдық пiкiрдi қалыптастыру жөнiндегi жұмыстардың маңызды элементiнiң бiрi – мемлекеттiк тiлдi қолдану мәселелерiндегi ұнамсыз таптаурындарды бейтараптандыру көзделедi. Осы бағыттағы жұмыс мемлекеттiк тiлдi пайдалану мен қолдану саласындағы ұнамсыз таптаурын пiкiрлердi алдын ала анықтау жөнiнде зерттеу-талдау қызметiн жүргiзу, қажеттi шаралар кешенiн айқындау арқылы жолға қойылады. Үкiметтiк емес сектор мен масс-медиа әлеуетi мемлекеттiк тiлдi қолдану саласындағы жағымсыз аспектiлердi қоғамдық айыптау тетiктерiн қалыптастыру жөнiндегi жұмыстың негiзгi ресурсына айналуға тиiс. 2. Мемлекеттiк тiлге сұранысты арттыру Қойылған мақсатқа қол жеткiзудiң екiншi мiндетi мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейту, қоғамның тыныс-тiршiлiгiнiң барлық саласына кiрiктiру болып табылады. Осы бағытта мемлекеттiк тiлде хабар тарататын жаңа телевизиялық арналар құру арқылы тiлдiк ортаны қалыптастырудағы БАҚ-тың рөлiн күшейтуге ерекше назар аударылып отыр. Бұл ретте цифрлық телерадио хабарларын таратуды енгiзу арқылы айрықша мүмкiндiктер ашылады. Сондай-ақ балалар мен жастарға арналған қазақ тiлiндегi контенттi кеңейту, арнайы оқыту бағдарламаларын жасап, фильмдер түсiру арқылы мемлекеттiк тiлдi оқыту процесiн ұйымдастыруда медиалық саланың әлеуетiн белсендi пайдалану көзделедi. Сондай-ақ қазақ тiлiндегi интернет-ресурстарды мемлекеттiк қолдау жүйесi арқылы қазақ тiлдi БАҚ-тарға жүйелi қолдау көрсету де маңызды аспект болып саналады. Қоғамдағы тiл мәдениетiн тiкелей қалыптастыратын адамдар ретiнде БАҚ қызметкерлерiне қойылатын мiндеттi тiлдiк бiлiктiлiк талаптарын енгiзу ерекше рөлге ие болады. Сонымен бiрге, аталған бағытта мемлекеттiк тiлдi ғылым, заңнамалық актiлер және жаңа технологиялар тiлi ретiнде дамыту шаралары көзделедi. Осы ретте дәстүрлi және инновациялық тәсiлдер негiзiнде өзiндiк ғылыми-технологиялық тiлдiк базаны қарқынды дамыту барынша өзектi болып саналады. Энциклопедияларды, ғылыми-публицистикалық, iскерлiк, көркем және басқа да әдебиеттердi түпнұсқа тiлiнен қазақ тiлiне аудару iсiн ұйымдастыру және көп таралыммен шығару мемлекеттiк тiлдiң қазiргi қолданбалы ғылым тiлi ретiндегi рөлiн барынша күшейтуге мүмкiндiк бередi. Сонымен бiрге, «электрондық үкiмет» шеңберiнде электрондық қызмет көрсетудiң барлық деңгейiнде қазақ тiлiнiң қолданылуын жандандыра түсу көзделедi.       Қазақ тiлiнiң халықаралық қарым-қатынас, демалыс және ойын-сауық саласында қолданылуын кеңейте түсу де көзделiп отыр. Мәдениет мекемелерiнiң репертуарларын қазақ тiлiндегi жаңа контентпен толықтыру қажеттiлiгi мемлекеттiк тiлдегi жаңа қойылымдарды және жобаларды, оның iшiнде балалар мен жасөспiрiм көрермендер аудиториясына лайықталған шығармаларды туындату үшiн шығармашыл әлеуеттi ынталандыруға арналған конкурстық шараларды ұйымдастыру және өткiзудiң мiндеттерiн айқындап бердi. Бұқаралық мәдени, спорт және басқа да көпшiлiк шараларды өткiзген кезде мемлекеттiк тiлдi кеңiнен қолдану сөзсiз қажеттiлiкке айналуға тиiс. Халықаралық кездесулер өткiзiп, шарттарды, келiсiмдердi және өзге де халықаралық актiлердi ресiмдеу кезiнде мемлекеттiк тiл негiзгi тiл болуға тиiс. Этнотуристiк iс-шараларды (мәдени-этнографиялық ескерткiштерге саяхат, скаутинг, балалардың этносаяхаттары және жазғы этнолагерьлер) ұйымдастырған кезде мемлекеттiк тiлдiң әлеуетiн белсендi пайдалану өте өзектi болып саналады. Нәтижелер көрсеткiштерi: мемлекеттiк тiлдi көпшiлiктiң қолдануына қол жеткiзуге бағытталған мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстың үлесi (жыл сайынғы мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты iске асыруға бөлiнетiн қаражаттың жалпы көлемiнiң 10 %-ынан кем емес); мемлекеттiк БАҚ эфирiнде мемлекеттiк тiлдегi жаңа телевизиялық жобалар санының өсуi (жыл сайынғы телевизиялық жобалардың жалпы санының – 10 %-ы); мемлекеттiк тiлде шығатын баспасөздi қолдауға бағдарланған мемлекеттiк ақпараттық тапсырыстың үлесi (жыл сайын 50 %-дан кем емес). Үшiншi бағыт – қазақстандықтардың тiл мәдениетiнiң деңгейiн арттыру Мақсаты: «Дамыған тiл мәдениетi – зиялы ұлттың әлеуетi» Нысаналы индикаторлар: тұрғындардың ономастикалық комиссиялардың жұмысындағы шешiм қабылдау процесiн талқылау кезiнде қоғамдық қолжетiмдiлiк пен ашықтық қағидаттарының сақталуына қанағаттанушылық дәрежесi (2014 жылға қарай – 60%, 2017 жылға қарай – 75%, 2020 жылға қарай – 90%); қазақ тiлiнiң реттелген терминологиялық қорының үлесi (2014 жылға қарай – 20%, 2017 жылға қарай – 60%, 2020 жылға қарай – 100%). 1. Қазақ тiлiнiң лексикалық қорын жетiлдiру және жүйелеу Аталған бағытты iске асыру арқылы ең алдымен, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң атауларын жүйеге келтiрудi қамтамасыз ету көзделедi. Ономастика саласындағы жұмысты жетiлдiру арқылы, ең алдымен, ономастикалық жұмыстарды жүргiзген кезде ашықтық қағидаттарын енгiзу, қоғамдық пiкiрдi ескеру, шешiмдердi қабылдау процесiне азаматтық қоғам институттарын және бұқаралық ақпарат құралдарын кеңiнен тарту көзделедi. Бұл нәтижеге қол жеткiзу үшiн ономастика саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiре түсу, сондай-ақ географиялық объектiлердiң атауларын мемлекеттiк тiлде жазу, оны орыс және басқа да тiлдерде транслитерациялаудың ережелерiн әзiрлеу талап етiледi.       Антропонимикалық атауларды және көрнекi ақпараттарды сәйкестендiрудi жүзеге асыру мемлекеттiк тiлде антропонимикалық белгiлеулердi жазу мен сәйкестендiру жөнiндегi бiрыңғай талаптарды әзiрлеудi, сондай-ақ көрнекi ақпаратты көркем ресiмдеу туралы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiрудi талап етедi.       Терминологиялық лексиконы бiрiздендiру, терминологиялық қорды толықтыру жөнiндегi мiндет өте өзектi болып саналады. Қазақ терминологиясын жүйелеу жөнiндегi жаңа талаптарды әзiрлеу, терминдердi және атауларды негiзгi қағидаларға, қазақ тiлiнiң жазу нормаларына сәйкес ретке келтiру жұмыстары қажеттi шаралар болып есептеледi. Аталған жұмыс әлемдiк тәжiрибенi, туыстас тiлдердiң үлгiлерiн, халықаралық терминдердi және терминологиялық атауларды пайдалану арқылы, сондай-ақ жаңадан бекiтiлген терминдердi бұқаралық ақпарат құралдарында пайдалану жиiлiгiне тұрақты мониторинг жасау жағдайында жүргiзiлуге тиiс. Терминологиялық қорды жаңа терминдермен жаңарту тiлдiк тарихи мұраны қайта жаңғыртуды, сондай-ақ терминтану мен терминография жөнiндегi арнайы жұмыстарды жүргiзудi талап етедi. Сонымен қатар салалық терминологияның бiрыңғай электрондық базасын құрып, қазақ терминологиясының жалпы қорын жасап, веб-сайттар мен порталдарға орналастыру көзделедi. Сондай-ақ үздiксiз тiлдiк өзгерiстер процесiн тiркеп отыратын, тiлдiң лексикалық және грамматикалық құрылысын сипаттайтын жүйе құру қажеттiлiгi де өте өзектi болып табылады.       Тiлдердi қолдану саласындағы заңнаманың сақталуына бақылауды күшейту ұсынылып отырған жүйенiң негiзгi құрамдас бөлiктерiнiң бiрi болуға тиiс. Осы жұмыс аясында құқықтық олқылықтарды жою және тiл туралы заңнаманы бұзғаны үшiн жауапкершiлiктi күшейту тұрғысынан нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру талап етiледi. Көрнекi және жарнамалық ақпарат құралдарында қазiргi қазақ әдеби тiлiнiң тиiсiнше қолданылуын бақылауды күшейту де қажеттi шаралар қатарына жатады. 2. Тiл мәдениетiн жетiлдiру Қазақстандықтардың тiл мәдениетiнiң деңгейiн көтерудiң қажеттi құрамдас бөлiгi сөйлеу мәдениетiн дамыту болуға тиiс. Айтыстар, мүшәйра, пiкiрталас турнирлерiн және жыраулар мен жыршылар конкурстарын ұйымдастыру және өткiзу осы бағыттағы негiзгi шаралар болып табылады.       Қазақ жазуын одан әрi жетiлдiру сауаттылықты арттыруға бағытталған конкурстық iс-шаралар кешенiн ұйымдастыру және өткiзу арқылы iске асырылатын болады. Сонымен бiрге мемлекеттiк тiл мәселесiмен айналысатын мерзiмдi баспа басылымдарын мемлекет тарапынан қолдау талап етiледi. Сонымен қатар, ақпараттық-анықтамалық электрондық тiлдiк қызметтi құру және одан әрi дамыту, элективтi, қосымша курстарды ұйымдастыру арқылы мемлекеттiк тiлдегi iскери ресми жазба дағдыларын үйрету жүйесiн ұйымдастыру жоспарланып отыр.       Толерантты тiлдiк ортаны сақтау қажеттiлiгi тiл мәдениетiн жетiлдiру жөнiндегi мiндеттердiң өзегiне айналып отырғанына дау жоқ. Жұртшылықты, мәдениет және өнер қайраткерлерiн, БАҚ өкiлдерiн кеңiнен тарта отырып, Мемлекеттiк тiл күнiн ұйымдастыру және өткiзу, түркi жазбаларына арналған шаралар кешенiн ұйымдастыру, сондай-ақ тiл мәдениетiн насихаттауға бағытталған шараларды өткiзу дәстүрiн жалғастыру жұмыстары қажеттi шаралар қатарына жатады. Нәтижелер көрсеткiштерi: көрнекi ақпараттың пайдаланылуын бақылаудың өңiрлердi қамту дәрежесi (2014 жылға қарай – 30%, 2017 жылға қарай – 50%, 2020 жылға қарай – 100%); тұрғындардың терминологиялық комиссиялардың жұмысындағы шешiм қабылдау процесiн талқылау кезiнде қоғамдық қолжетiмдiлiк пен ашықтық қағидаттарының сақталуына қанағаттанушылық дәрежесi (2014 жылға қарай – 60%, 2017 жылға қарай – 75%, 2020 жылға қарай – 100%); Төртiншi бағыт – лингвистикалық капиталды дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау Мақсаты: «Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту» Нысаналы индикаторлар: республикадағы орыс тiлiн меңгерген ересек тұрғындардың үлесi (2020 жылға қарай – 90%); ұлттық-мәдени бiрлестiктер жанындағы ана тiлдерiн оқытатын курстармен қамтылған этностардың үлесi (2014 жылға қарай – 60%, 2017 жылға қарай – 80%, 2020 жылға қарай – 90%); республикадағы ағылшын тiлiн меңгерген тұрғындардың үлесi (2014 жылға қарай – 10%, 2017 жылға қарай – 15%, 2020 жылға қарай – 20%); үш тiлдi (мемлекеттiк, орыс және ағылшын) меңгерген тұрғындардың үлесi (2014 жылға қарай – 10%, 2017 жылға қарай – 12%, 2020 жылға қарай – 15%). 1. Коммуникативтiк-тiлдiк кеңiстiктегi орыс тiлiнiң қызмет етуi Төртiншi бағытты iске асыру арқылы Қазақстанның коммуникативтiк-тiлдiк кеңiстiгiнде орыс тiлiнiң қатысуын қамтамасыз ету жөнiндегi жүйелi жұмыстарды ұйымдастыру көзделедi. Мұның аясында орыс тiлiн оқыту жүйесiн оқу-әдiстемелiк және зияткерлiк тұрғыдан одан әрi қамтамасыз ету, сондай-ақ оқытушы кадрларды кәсiптiк тұрғыдан оқыту жөнiндегi жұмыс жалғасатын болады.       Орыс тiлiнiң қолданылуын ақпараттық қолдауға Қазақстанның ақпараттық кеңiстiгiнде орыс тiлiн пайдалануды қамтамасыз ету арқылы қол жеткiзiлетiн болады. 2. Қазақстандағы тiлдiк әралуандықты сақтау Осы мiндет аясында, ең алдымен, Қазақстанда тұратын этнос өкiлдерiнiң ана тiлдерiн оқытуға жағдай жасау көзделедi. Бұл үшiн жексенбiлiк мектептерге оқу-әдiстемелiк көмек көрсету, сондай-ақ ана тiлдерiн оқыту кезiнде тiлдi бiлетiн тәжiрибелi педагог мамандарды тарту және халықаралық тәжiрибенi, заманауи технологияларды пайдалану жоспарланады. Бұған қоса, этностардың тiлдерiн сақтау және мәдениеттердi өзара байыту үшiн қажеттi жағдайлармен қамтамасыз ету көзделедi. Кеңiнен ақпараттық қолдау арқылы мәдени-көпшiлiк iс-шараларды ұйымдастыру, этностардың тарихи және қазiргi заманғы жазба мұрасын сақтауды қамтамасыз ету жұмыстары қажеттi шаралар қатарына жатады.       Халықтың шығармашылық тұрғыдан өсуiне жәрдемдесу этностардың мәдени және шығармашылық мүмкiндiктерiн одан әрi iске асыру арқылы жоспарланады. 3. Ағылшын және басқа да шет тiлдерiн оқып-үйрену Қазақстандықтардың лексикалық капиталының негiзгi құрамдас бөлiктерiнiң бiрi iскерлiк және халықаралық қарым-қатынас құралы ретiндегi шет тiлдерi болып табылады. Осы мiндеттiң аясында шет тiлдерiн оқыту процесiнiң ауқымды бiлiм беру кеңiстiгiн сақтау көзделiп отыр.       Шет тiлдiк мәдениетпен өзара iс-қимыл жасау мақсатында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту арқылы үкiметаралық келiсiмдер аясындағы мәдени-көпшiлiк iс-шаралар – Шет мемлекеттердiң мәдениет күндерiн, көрмелер өткiзу, көркем және деректi фильмдердi түпнұсқа тiлiнде көрсету көзделедi. Нәтижелер көрсеткiштерi: ана тiлдерiн үйретуге арналған әдiстемелiк көмекпен қамтылған ұлттық-мәдени бiрлестiктерi бар этностардың үлесi (2014 жылға қарай – 20%, 2017 жылға қарай – 60%, 2020 жылға қарай – 100%); орталықтардың жалпы санына шаққанда ағылшын және басқа да шет тiлдерiн үйрету қызметiн ұсынатын, тiлдердi оқытатын мемлекеттiк орталықтардың үлесi (2014 жылға қарай – 50%, 2017 жылға қарай – 75%, 2020 жылға қарай – 100%).

Бағдарламаны iске асыру кезеңдерi

Бағдарламаны iске асыру үш кезеңде жүзеге асырылады.       Бiрiншi кезеңде (2011 – 2013 жылдар) тiлдердi одан әрi дамыту мен қолданудың нормативтiк-құқықтық және әдiснамалық базасын жетiлдiруге бағытталған кешендi шаралар өткiзу көзделедi. Мәселен, бiрiншi кезеңнiң аясында мемлекеттiк тiлдi оқыту стандарттарын жетiлдiру, қазақ тiлiн оқыту орталықтарын аккредиттеудiң және олардың қызметiн рейтингтiк бағалау iсiнiң құқықтық негiзiн әзiрлеу жұмыстарын жүзеге асыру қарастырылады. Бұған қоса, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң атауларын жүйелеудi қамтамасыз ету мәселесi бойынша ономастика саласындағы, терминологиялық лексиканы бiрiздендiру мәселесi бойынша терминология саласындағы, сондай-ақ антропонимикалық атаулар мен көрнекi ақпаратты сәйкестендiрудi жүзеге асыру мәселесi бойынша антропонимика саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру көзделедi. Сонымен қатар, құқықтық олқылықтарды жою мен тiл туралы заңнаманың бұзылғаны үшiн жауапкершiлiктi күшейту тұрғысынан нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру көзделедi. Осы кезеңде мемлекеттiк тiлдi көпшiлiктiң кеңiнен қолдануына қол жеткiзетiн, Қазақстанда тұратын этностардың тiлдерiн сақтауға және оқып-үйренуге қолайлы жағдайлар жасайтын ұйымдастырушылық-практикалық шаралар кешенi, сондай-ақ нәтижелердiң тиiмдiлiгiне мониторинг жүргiзу жүйесiн енгiзу көзделедi.       Екiншi кезең (2014 – 2016 жылдар) аясында мемлекеттiк тiлдi оқып-үйрену және қолдану саласында, сондай-ақ тiлдiк әралуандықты сақтауда жаңа стандарттар, технологиялар мен әдiстердi енгiзу жөнiндегi практикалық шаралар кешенiн iске асыру қарастырылады. Сонымен қатар, осы кезеңде Мемлекеттiк тiлдi оқыту орталықтарын аккредиттеу iсiн жүргiзу, сондай-ақ олардың қызметiне рейтингтiк бағалауды енгiзу жұмыстары басталады. Мемлекеттiк тiлдi меңгерудi ынталандыру жүйесiн құру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру – мемлекеттiк қызметшiлердiң, халыққа қызмет көрсету және мемлекеттiк қызметтер көрсету саласы қызметкерлерiнiң мемлекеттiк тiлдi меңгеруi жөнiндегi мiндеттi төменгi талаптарды енгiзу көзделедi. Бұған қоса, мемлекеттiк тiлдi көпшiлiктiң кеңiнен қолдануына қол жеткiзу жөнiндегi жұмыс жалғасатын болады. Тiлдердi қолдану саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды күшейтумен қатар, әзiрленген нормативтiк құқықтық базаның негiзiнде қазақ тiлiнiң терминологиялық қорын ретке келтiру, ономастикалық кеңiстiктi жүйелеудi қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстар басталатын болады. Бағдарламаның үшiншi кезеңiнде (2017 – 2020 жылдар) мемлекеттiк тiлдi меңгеру дәрежесiн бақылау тетiктерiн енгiзу жұмысын ұйымдастыру көзделедi. Сонымен қатар, қоғамдық өмiрдiң барлық саласында мемлекеттiк тiлге қажеттiлiк болуына, оның басқа тiлдердiң тұғырын одан әрi сақтау жағдайындағы тиiсiнше қолданылу сапасына және меңгерiлу деңгейiне жүйелi мониторинг жүргiзу көзделедi. Бұған қоса, ономастика, терминология, мемлекеттiк тiлдi көпшiлiктiң қолдануына қол жеткiзу, сондай-ақ толерантты тiлдiк ортаны сақтау жөнiндегi жұмыстар жалғасатын болады.

Қажеттi ресурстар

2011 – 2020 жылдары Бағдарламаны iске асыруға республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қаражаттар жұмсалатын болады. Бағдарламаның бiрiншi кезеңiн iске асыруға арналған мемлекеттiк бюджеттiң жалпы шығыны 19 134 946 мың теңгенi құрайды. 2011 – 2020 жылдарға арналған Бағдарламаны қаржыландыру көлемi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиiстi қаржы жылына арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердi қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады.