Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2014 - 2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы


 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 ақпандағы № 62 қаулысы

 

      «Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2014 – 2016 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары (IІ кезең) (бұдан әрi – Iс-шаралар жоспары) бекiтiлсiн.
      2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, компаниялар мен ұйымдардың басшылары (келісім бойынша) бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2014 – 2016 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын әзiрлесiн және бекiтсiн.
      3. Жауапты орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, компаниялар мен ұйымдар (келiсiм бойынша):
      1) Iс-шаралар жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
      2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнiң одан әрi жұмыс iстеуiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен белгіленген мерзімде және тәртіппен Iс-шаралар жоспарының iске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiне жүктелсiн.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                                                                                                                                    С. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң     
2014 жылғы 4 ақпандағы
 № 62 қаулысымен  
 бекiтiлген     

 

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 –
2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру
жөніндегі 2014 – 2016 жылдарға арналған
іс-шаралар жоспары

 

 

Р/с

Атауы

Өлшем бірлігі

Аяқтау нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындалу мерзімі

Қаржыландыру

Болжанған шығыстар
(млн. теңге)

2014
жыл

2015
жыл

2016
жыл

Барлығы

Сомасы

Қаржылан-
дыру көзі

Сомасы

Қаржылан-
дыру көзі

Сомасы

Қаржылан-
дыру көзі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

 

 


 

Мақсаты: Мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің басты факторы

Міндеттер:

1. Мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын жетілдіру және стандарттау

2. Мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымын дамыту

3. Мемлекеттік тілді оқыту процесін ынталандыру

 

 

1

Он-лайн режимі арқылы қашықтан қол жеткізу мүмкіндігін пайдалана отырып ұйымдастырылған қазақ тілін оқыту орталықтары оқытушыларының біліктілігін арттыру


 

ҚР Үкіметіне ақпарат

МАМ, облыстық әкімдіктер: Ақмола, Ақтөбе, Алматы, БҚО, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар

2014-2016 ж.ж.

7,9

ЖБ

5,6

ЖБ

8,0

ЖБ

21,5

2

Мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде қазақ тілі оқытушыларын оқыту


 

МАМ-ға ақпарат

БҒМ

2014-2016 ж.ж.

ҚР БҒМ 020 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлау және оқитындарға әлеуметтік қолдау көрсету» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджет қаражаты шегінде

 

 

3

Тіл оқыту орталықтарының аккредиттелген желісін енгізу жұмыстары бойынша жұмысты жалғастыру


 

ҚР Үкіметіне ақпарат

МАМ, БҒМ, ИЖТМ

2014-2016 ж.ж.

51,3

РБ

51,3

РБ

51,3

РБ

153,9

4

Аккредиттелген оқыту орталықтарына мониторинг жасау


 

МАМ-ға ақпарат

ЖАО

2014-2016 ж.ж.

Талап етілмейді

5

Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының қызметін рейтингтік бағалау жүйесін енгізуді қамтамасыз ету


 

ҚР Үкіметіне ақпарат

МАМ, БҒМ, ЖАО

2016 ж.

Талап етілмейді

6

«ҚАЗТЕСТ» негізінде ересектердің мемлекеттік тілді белгілі бір көлемде (мемлекеттік қызметшілердің біліктілік талаптарына сәйкес) білу деңгейін анықтау жөніндегі нормативтік-құқықтық базаны әзірлеу


 

ҚР Үкіметіне ақпарат

МАМ, БҒМ, МҚА, Еңбекмині, МО, ЖАО

2014-2016 ж.ж.

Талап етілмейді

 

 

7

«ҚАЗТЕСТ» бағдарламасы негізінде білім деңгейін жыл сайын бақылау жүйесін енгізу


 

МАМ-ға ақпарат

БҒМ

2014-2016 ж.ж.

53,4

РБ

55,8

РБ

58,3

РБ

167,5

8

Тілдерді деңгейлеп меңгерудің халықаралық стандарты негізінде «Балабақша - мектеп - колледж - жоғары оқу орны» мемлекеттік тілді үздіксіз оқыту жүйесін енгізу жұмыстарын жалғастыру.
Жоғары оқу орындары мен жалпы орта білім беру ұйымдарының оқу процесіне «Абайтану» және «Алаштану» таңдау бойынша курстарды пәндер компонентіне енгізу


 

МАМ-ға ақпарат

БҒМ

2014-2016 ж.ж.

Талап етілмейді

 

 

9

Қазақ тілін үйрену үшін барлық тұлғаларға мемлекеттік қолдау көрсету, мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының жанынан білім деңгейі бойынша тегін курстар ұйымдастыру, сондай-ақ осы жұмысқа мемлекеттік-жекеменшік серіктестік әдістерін қолдану, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын біркелкілікке жеткізу үшін өңірлік алшақтықтарды еңсеруге басымдық беру


 

МАМ-ға ақпарат

Барлық мүдделі МО, облыстық әкімдіктер:
Алматы, Ақмола, Ақтөбе, БҚО, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, СҚО, ШҚО және Алматы, Астана қалалық әкімдіктері, ҰК, ҮЕҰ

2014-2016 ж.ж.

263,5

ЖБ

275,4

ЖБ

292,6

ЖБ

831,5

10

Қазақ және ағылшын тілдерін қарқынды оқыту жөніндегі интерактивті оқыту жүйелерін, инновациялық-әдістемелік бейнесабақтарды, оқыту-әдістемелік, ғылыми, анықтамалық, публицистикалық әдебиеттерді, мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларға суреттелген дыбысты кітаптарды, көрнекі құралдарды, қазақ тіліндегі аудиокітаптарды (СD жеткізгіште), компакт-дискілі әдебиеттерді, 3D элементтері бар қазақ, орыс, ағылшын тіліне оқытатын анимациялық бейнефильмдерді (DVD дискілерде) әзірлеп, шығару


 

ҚР Үкіметіне ақпарат

МАМ, ҮЕҰ

2014-2016 ж.ж.

280,2

РБ

280,2

РБ

280,2

РБ

840,6

11

Мемлекеттік тілді оқытудың жаңа, баламалы, жетілдірілген, сапалы бағдарламаларын дайындайтын және әзірлейтін мамандарды ынталандыру іс-шараларын жүргізу


 

ҚР Үкіметіне ақпарат

МАМ, ҮЕҰ

2012-2014 ж.ж.

5,2

РБ

5,2

РБ

5,2

РБ

15,6

12

Шетелдегі қазақ диаспорасының өкілдері ана тілін меңгеруі үшін әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету


 

ҚР Үкіметіне ақпарат

МАМ, СІМ

2014-2016 ж.ж.

33,3

РБ

33,3

РБ

33,3

РБ

99,9

13

Шетелде тұратын отандастар мәселелері бойынша әлеуметтік және талдамалық зерттеулерін жүргізу


 

ҚР Үкіметіне ақпарат

МАМ, СІМ

2014-2016 ж.ж.

3,6

РБ

3,6

РБ

3,6

РБ

10,8

 

 


 

Мақсаты: Мемлекеттік тілді көпшіліктің кеңінен қолдануына қол жеткізу

Міндеттер:

1. Мемлекеттік тілді қолдану мәртебесін арттыру

2. Мемлекеттік тілге сұранысты арттыру

14

Мәртебелі тұлғаларды және қазақ тілінде сөйлейтін этностардың танымал отбасыларын тарта отырып, PR технологиясын қолданып, мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің бірлескен акциялары арқылы мемлекеттік тілді танымал ету жұмыстарын ұйымдастыру


 

ҚР Үкіметіне ақпарат

МАМ, БҒМ, ЖАО, «Нұр Отан» партиясы, МТД ПҚ

2014-2016 ж.ж.

Талап етілмейді

15

Мемлекеттік тілді және Қазақстандағы этнос өкілдерінің тілдерін теле-радио бағдарламалар мен мерзімді баспа басылымдары, соның ішінде балалар мен жастарға арналған мемлекеттік тілді контентті БАҚ-та кеңейту арқылы насихаттау және дамыту


 

ҚР Үкіметіне ақпарат

МАМ

2014-2016 ж.ж.

1630,8

РБ

1630,8

РБ

1630,8

РБ

4892,4

 

 

16

Халық арасында мемлекеттік тілді танымал ету және жеке субъектілердің іс-қағаздарын мемлекеттік тілге көшіруді жеделдету мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қоғамдық қозғалыстарды, бірлескен акцияларды, жобаларды ұйымдастыру және өткізу кезінде қазақ тілін насихаттау


 

ҚР Үкіметіне ақпарат

МАМ, БҒМ, ЖАО, барлық мүдделі МО, «Нұр Отан» партиясы, МТД ПҚ, ҰК, ҮЕҰ

2014-2016 ж.ж.

Талап етілмейді

17

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын біркелкілікке жеткізу үшін өңірлік алшақтықтарды еңсеруге басымдық беру мақсатында «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» орыстілді азаматтарға мемлекеттік тілді насихаттауға арналған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру


 

ҚР Үкіметіне ақпарат

МАМ, ЖАО, ҰК, ҮЕҰ

2014-2016 ж.ж.

16,8

РБ

16,8

РБ

16,8

РБ

50,4

 

 

18

Қазақтілді БАҚ-қа қазақ тіліндегі интернет-ресурстарға мемлекеттік қолдау жүйесі арқылы қолдау көрсету жөніндегі жұмыстарды жалғастыру


 

ҚР Үкіметіне ақпарат

МАМ

2014-2016 ж.ж.

Талап етілмейді

19

Фильмдерді мемлекеттік тілде дубляждауды қамтамасыз етуге мемлекеттік қолдау көрсету


 

ҚР Үкіметіне ақпарат

МАМ

2014-2016 ж.ж.

38,0

РБ

38,0

РБ

38,0

РБ

114,0

20

Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтік және талдамалық зерттеулер жүргізу


 

ҚР Үкіметіне ақпарат

МАМ

2014-2016 ж.ж.

22,9

РБ

22,9

РБ

22,9

РБ

68,7

21

Әлемдік көркем, публицистикалық, ғылыми әдебиеттерді мемлекеттік тілге аударуды және басып шығаруды, энциклопедиялық әдебиеттерді (технологиялық және өндірістік оқу бағдарламалары бойынша) әзірлеуді және шығаруды ұйымдастыру


 

ҚР Үкіметіне ақпарат

МАМ

2014-2016 ж.ж.

570,0

РБ

570,0

РБ

570,0

РБ

1710.0

 

 

22

Электрондық үкімет шеңберінде электрондық қызмет көрсетудің барлық деңгейінде қазақ тілінің қолданылуын кеңейтуді қамтамасыз ету


 

МАМ-ға ақпарат

ККМ, барлық мүдделі МО, ЖАО

2014-2016 ж.ж.

Талап етілмейді

23

Мәдениет ұйымдарының (театр, кино, кітапхана және т.б.) репертуарын қазақ тіліндегі жаңа контентпен, оның ішінде балалар мен жасөспірім көрермендер аудиториясына арналған шығармалармен толықтыру


 

ҚР Үкіметіне ақпарат

МАМ, ЖАО

2014-2016 ж.ж.

ҚР МАМ 007 «Ұлттық фильмдерді шығару», 009 «Театр-концерт ұйымдарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету» және 018 «Әлеуметтік маңызы бар әдебиет түрлерін басып шығару» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджет қаражаты шегінде

24

Бұқаралық мәдени, спорт және басқа да қоғамдық шараларды өткізу кезінде мемлекеттік тілді кеңінен қолдануды қамтамасыз ету


 

МАМ-ға ақпарат

барлық МО, ЖАО

2014-2016 ж.ж.

Талап етілмейді

25

Халықаралық қызметте мемлекеттік тілді қолдануды қамтамасыз ету


 

МАМ-ға ақпарат

СІМ, барлық МО

2014-2016 ж.ж.

Талап етілмейді

 

 


 

Мақсаты: Дамыған тіл мәдениеті – зиялы ұлттың әлеуеті

Міндеттер:

1. Қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру және жүйелеу

2. Тіл мәдениетін жетілдіру

26

ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық терминологиялық және ономастикалық комиссиялардың жұмыстарын жетілдіру, тілдік тарихи мұраны қайта жаңғырту, терминтану мен терминография жөніндегі арнайы жұмыстарды жүргізу


 

ҚР Үкіметіне ақпарат

МАМ

2014-2016 ж.ж.

16,1

РБ

16,1

РБ

16,1

РБ

48,3

 

 

27

Ономастика және терминология жұмыстарын жүргізу кезінде бұқаралық ақпарат құралдары мен азаматтық қоғам институттарын тарту


 

ҚР Үкіметіне ақпарат

МАМ

2014-2016 ж.ж.

Талап етілмейді

28

Жоғары оқу орындарының филология факультеттерінде таңдау бойынша «Ономастика теориясы және практикасы» курстарын пәндер компонентіне енгізу
 


 

МАМ-ға ақпарат

БҒМ

2014-2016 ж.ж.

Талап етілмейді

29

Қазақстан Республикасының ономастикалық атауларын реттеу бойынша жұмыстарды жетілдіру


 

ҚР Үкіметіне ақпарат

МАМ

2014-2016 ж.ж.

10,0

РБ

10,0

РБ

10,0

РБ

30,0

30

Мемлекеттік тілде мемлекеттік топографиялық цифрлық карталарды жасау және географиялық атаулардың мемлекеттік каталогын дайындау, жаңарту және шығару


 

МАМ-ға ақпарат

ӨДМ

2014-2016 ж.ж.

446,1

РБ

311,4

РБ

348,8

РБ

1106,3

31

Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық терминологиялық және ономастикалық комиссиялардың бюллетеньдерін шығару


 

ҚР Үкіметіне ақпарат

МАМ

2014-2016 ж.ж.

3,5

РБ

3,5

РБ

3,5

РБ

10,5

 

 

32

Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру бойынша ұсыныстар енгізу


 

МАМ-ға ақпарат

БҒМ

2014-2016 ж.ж.

Талап етілмейді

33

Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру жұмыстарын қамтамасыз ету


 

ҚР Үкіметіне ақпарат

МАМ

2014-2016 ж.ж.

6,6

РБ

6,6

РБ

6,6

РБ

19,8

34

«Мемлекеттік тіл» күнін мерекелеу, тіл мәдениетін насихаттауға бағытталған іс-шаралар кешенін өткізу


 

ҚР Үкіметіне ақпарат

МАМ

2014-2016 ж.ж.

22,4

РБ

22,4

РБ

22,4

РБ

67,2

35

Ежелгі түрік жазулары күндеріне, қазақ жазуының тарихына, ономастика, терминология мәселелеріне байланысты республикалық (жергілікті) ғылыми-теориялық семинар-кеңестер, «дөңгелек үстелдер», конференциялар өткізу


 

ҚР Үкіметіне ақпарат

МАМ, БҒМ

2014-2016 ж.ж.

22,5

РБ

22,5

РБ

22,5

РБ

67,5

36

Қазақ тілін дамыту бойынша журнал мен альманахтар шығаруды қамтамасыз ету


 

ҚР Үкіметіне ақпарат

МАМ

2014-2016 ж.ж.

16,7

РБ

16,7

РБ

16,7

РБ

50,1

37

Айтыс, мүшәйра, пікірталастарды, жыраулар мен жыршылар байқауын өткізу


 

ҚР Үкіметіне ақпарат

МАМ

2014-2016 ж.ж.

16,8

РБ

16,8

РБ

16,8

РБ

50,4

 

 


 

Мақсаты: Қазақстан халқының лингвистикалық капиталын дамыту

Міндеттер:

1. Коммуникативтік-тілдік кеңістіктегі орыс тілінің қолданылуы

2. Қазақстандағы тілдік әралуандықты сақтау

3. Ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйрену

38

Республикалық ұлттық-мәдени бірлестіктердегі жексенбілік мектептер арқылы этнос тілдерін және мемлекеттік тілді оқыту курстарын ұйымдастыруға мемлекеттік қолдау көрсету, аталған мектептердің қызметін әдістемелік жағынан қамтамасыз ету


 

ҚР Үкіметіне ақпарат

МАМ

2014-2016 ж.ж.

73,4

РБ

73,4

РБ

73,4

РБ

220,2

39

Қазақстанның шекаралық өңірлерінде және этникалық топтар тығыз шоғырланған өңірлерде тілдік ахуалды зерделеу бойынша әлеуметтік және талдамалық зерттеулер жүргізу


 

ҚР Үкіметіне ақпарат

МАМ

2014-2016 ж.ж.

9,0

РБ

9,0

РБ

9,0

РБ

27,0

40

Тілдерді оқыту жөніндегі мемлекеттік орталықтарда ағылшын және басқа да шет тілдерін оқыту курстарын ұлғайту


 

МАМ-ға ақпарат

барлық мүдделі МО, облыстық әкімдіктер:
Алматы, Ақмола, Ақтөбе, БҚО, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, СҚО, ШҚО және Алматы, Астана қалалық әкімдіктері

2014-2016 ж.ж.

54,0

ЖБ

58,5

ЖБ

62,5

ЖБ

175,0

 

 

41

Жоғары оқу орындарында үш тілде білім беретін мектептер үшін жаратылыстану-математика пәндерінің мұғалімдерін даярлауды қамтамасыз ету


 

МАМ-ға ақпарат

БҒМ

2014-2016 ж.ж.

ҚР БҒМ 020 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлау және оқитындарға әлеуметтік қолдау көрсету» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджет қаражаты шегінде

42

Республикалық жастар арасында республикалық байқаулар, семинар-тренингтер, «дөңгелек үстел» отырыстарын өткізу


 

ҚР Үкіметіне ақпарат

МАМ

2014-2016 ж.ж.

23,4

ЖБ

23,4

ЖБ

23,4

ЖБ

70,2

43

Ұлтаралық және конфессияаралық келісімге бағытталған мемлекеттің ішкі саясатын жария ету, мемлекеттік тілді үйрету бойынша тұрақты түрде айдарларды енгізу


 

ҚР Үкіметіне ақпарат

МАМ

2014-2016 ж.ж.

35,7

РБ

35,7

РБ

35,7

РБ

107,1


 

Барлығы:


 


 


 


 

3 733,1

МБ

3 614,9

МБ

3 678,4

МБ

11 026,4


 


 


 


 


 


 

3 407,7

РБ

3 275,4

РБ

3 315,3

РБ

9 998,4


 


 


 


 


 


 

325,4

ЖБ

339,5

ЖБ

363,1

ЖБ

1 028,0

 

      *Барлық бюджет деңгейлері бойынша шығыстар көлемі тиісті жылға арналған Қазақстан Республикасының республикалық бюджеті туралы заңына және жергілікті бюджет туралы мәслихаттардың шешімдеріне сәйкес анықталатын (нақтыланатын) болады.

 

      Ескертпе:
      Аббревиатуралардың толық жазылуы:
      МБ – мемлекеттік бюджет
      РБ – республикалық бюджет
      ЖБ – жергілікті бюджет
      МО – мемлекеттік органдар
      ЖАО – жергілікті атқарушы органдар
      МАМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
      БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
      ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
      ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
      СІМ – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
      ӨДМ – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі
      МҚА – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
      Еңбекмині – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
      БҚО – Батыс Қазақстан облысының әкімдігі
      СҚО – Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
      ШҚО – Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі
      МТД ПҚ – Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қоры
      ҰК – ұлттық компаниялар
      ҮЕҰ – үкіметтік емес ұйымдар