Маңғыстау облысы аумағын аймақтарға бөлу туралы


 

Маңғыстау облысы аумағын

аймақтарға бөлу туралы

 

 

Қазақстан  Республикасының  2001  жылғы  23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік  басқару  және  өзін -  өзі басқару туралы», 2002  жылғы 10 шілдедегі  «Ветеринария туралы»  заңдарына және Қазақстан Республикасы  Ауыл  шаруашылығы министрінің  міндетін  атқарушының 2009  жылғы   31 желтоқсандағы № 767 «Аумақты аймақтарға бөлу  қағидаларын  бекіту  туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде   № 6027  болып   тіркелген)  сәйкес  облыс  әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Төмендегі  аудандар  мен  қалалар  аумақтары вакцинациямен қолайлы

аймаққа жатқызылсын:

күл (қой мен ешкі) бойынша – Бейнеу, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандарының аймақтары;

пастереллез (қой мен ешкі) бойынша – Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандарының аймақтары;

брадзот және энтеротоксемия (қой мен ешкі) бойынша – Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған  аудандарының аумақтары;

сібір жарасы (барлық жануар түрі) бойынша – Ақтау, Жаңаөзен қалаларының, Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандарының аймақтары;

құтыру (барлық жануар түрі) бойынша – Ақтау, Жаңаөзен қалаларының, Бейнеу,  Қарақия,  Маңғыстау,  Мұнайлы, Түпқараған  аудандарының аймақтары;

оба (түйе) бойынша - Ақтау,  Жаңаөзен  қалаларының,  Бейнеу,   Қарақия,   Маңғыстау,   Мұнайлы,   Түпқараған аудандарының  аймақтары;

қарасан (мүйізді  ірі  қара) бойынша - Ақтау,  Жаңаөзен қалаларының, Бейнеу,  Қарақия,  Маңғыстау,  Мұнайлы, Түпқараған аудандарының аймақтары;

жоғарыпатогенді құс тұмауы (құстың барлық түрі) бойынша - Ақтау, Жаңаөзен қалаларының, Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандарының аймақтары.

2. Маңғыстау облысының басқа (жоғарыда аталғаннан басқа) аумақтары вакцинациясыз қолайлы аймаққа жатқызылсын.

3. «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Ш.С.Хамиев) осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және  бұқаралық ақпарат құралдарында   ресми   жариялануын,   Маңғыстау  облысы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы  қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары  Р.М. Әміржановқа жүктелсін.

5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыс әкімі                                                                             Е. Тоғжанов