«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»


«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

 

Ағымдағы жылдың 02 қазанында    ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын түсіндіру бойынша басқарма басшысы Ш.Хамиевтың жұмыс кеңесі өткізілді. Басқарма басшысы  бағдарламалық мақаланың маңызды тұстарына тоқтала отырып,  бүгінгі таңда Қазақстанның алдында тұрған әлемнің  дамыған 30 - елдер қатарына кіру мақсатына жету үшін қазақстандық әрбір азамат бәсекеге қабілеттілік, прагматизм секілді қасиеттерге ие болуы тиіс, сонымен қатар, өзінің ұлттық бірегейлігін сақтай отырып, батыстық өркениеттің тек  жағымды жақтарын ғана сіңіруі қажет екендігіне назар аудартты.

Кеңесте ұйымдастыру – құқықтық және кадр қызметі бөлімінің басшысы  Ш.Ә.Қонарбаева өз сөзінде маңызды саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыру кезеңінде қоғамдық сананы  жаңғырту мәселесінің маңыздылығы, әсіресе, қазақ алфавитін біртіндеп латынға ауыстыру, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі  100 жаңа оқулық» жобасы, «Туған жер» бағдарламасы, «Қазақстанның қасиетті жерлері», Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «Қазақстанның жаңа 100 тұлғасы» атты Елбасының қоғамдық сананы жаңғыртуға қатысты ұсынған жобаларының маңыздылығына тоқталды.

Мақаланы талқылау барысында қатысушылар қазіргі таңда қоғамда ұлттық кодты сақтай отырып, сананың заманауи әлемнің құндылықтарына ашық болуын көздейтін рухани жаңғырудың қажеттілігі пісіп жетілгендігін атап өтті.

Файлдар


i-2.jpg