Ветеринария саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру


Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшiншi жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк» атты Жолдауының бесiншi басымдығы институционалдық өзгерiстерге, қауiпсiздiкке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты.

Бұл басымдықтың негiзгi идеясы — сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе қоғамның жаппай атсалысуына байланысты болатындығы.

Бүгiнгi қоғамымызда шенеунiктер ортасындағы бақылаусыздық пен сыбайлас жемқорлық пара алу, ысырап ету, алаяқтық, бопсалаушылық, қызмет бабын терiс пайдалану, бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану және тағы басқалары сияқты түрлi әрекеттер арқылы етек алып жатқаны баршаға мәлiм. Мұның кесiрi өмiрдiң барлық қырына, әсiресе құқықтық мәдениетке тиiп жатыр.

Қазiргi қоғамда осы бағытта үлкен жұмыс атқарылып жатыр. Құқықтық жаппай оқулар, форумдар, дөңгелек үстелдер, семинарлар болып тұрады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама жетiлдiрiлiп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия әзiрлендi. Әрбiр мемлекеттiк орган мен кәсiпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар бекiтiлiп жатыр. Алайда жоғары шендi шенеунiктердiң ұсталуы бойынша жаңа фактiлердi жиi естимiз.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыруды мектеп табалдырығынан бастаған абзал. Сыбайлас жемқорлық фактiлерi туралы көбiрек айтып, осы кеселге қарсы тұратын адамдарды көтермелеу қажет. Елiмiздiң болашағын қалайтын өскелең ұрпақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға тәрбиелеу керек.

Облысымыздағы ветеринария саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта құқықтық жаппай оқу, бiрлескен семинарлар өткiзу, бұқаралық ақпарат құралдары мен ветеринария басқармасының ресми интернет-ресурсына мақалалар жариялау сияқты белгiлi бiр жұмыстар жүргiзiлiп жатыр. Жарты жылда бiр рет сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг пен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн iшкi талдау жүргiзiлiп, жарияланады. Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт бекiтiлдi. Сайтта «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл» атты бөлiм құрылды, онда да осы тақырыпта баннерлер мен бейнероликтер орналастырылған.

Мемлекеттiк қызмет саласындағы қолданыстағы заңнаманы түсiндiру мақсатында, 2017 жылғы 29 қыркүйекте «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» ММ басшысының орынбасары И.Ә.Көшкінбаевтың төрағалығымен семинар-кеңес өткiзiлдi.

Ұйымдастыру-құқықтық және кадр қызметі бөлімінің басшысы   Ш.Ә.Қонарбаева Қазақстан Республикасының заңнамасын түсiндiру тұрғысында сөз сөйледi, сондай-ақ  «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң қызметiн бағалау әдiстемесiнiң негiзгi мәселелерiн, факторлық - балдық шкала негiзiнде еңбекақы төлеудiң жаңа жүйесiн түсiндiрдi. Кеңес қорытындысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта бiрқатар бейнероликтер көрсетiлдi.

Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыс бекерге кетпейдi деген сенiмдемiз. Сыбайлас жемқорлықты сөзбен емес, iспен жеңуiмiз керек.

 

 

 

Қонарбаева Шолпан Әзірбайжанқызы

МО Ветеринария басқармасының

ұйымдастыру – құқықтық және кадр

қызметі бөлімінің басшысы