Басқармада мемлекеттік қызметкердің ант қабылдау рәсімі өтті


«Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт  Жоспарының 15 қадамы -  кәсіби мемлекеттік аппаратты құру болып табылады.

Іс – шара мақсаты  - қоғам санасында мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруға, жас мамандарды мемлекеттік қызметті құрметтеу рухында тәрбиелеу.

Ант қабылдау салтанатты рәсіміне  басқарма басшысы Ш. Хамиев, «Туған ел» қоғамдық қорының директоры Е. Кемаладинұлы, 45 жыл мемлекеттік қызметте мінсіз, абыройлы қызмет атқарған еңбек ардагері –

Қ. Жеткізген, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы  Н.Ж.Айтжанов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының,  МО ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдері және басқарма қызметкерлері  қатысты.

Ант қабылдау рәсімінен кейін басқарманың ұйымдастыру – құқықтық және кадр қызметі бөлімінің басшысы Қонарбаева Шолпан Әзірбайжанқызы, жас мемлекеттік қызметшінің ант қабылдауының  маныздылығы  туралы,  халық пен мемлекет алдында  үлкен жауапкершілік  туралы, мемлекеттік қызметшінің өз міндеттеріне адал болуы ғана  біздің  мемлекетіміздің гүлденуіне  кепіл болатынын айтты.

Сондай – ақ  өз тілегін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы  Айтжанов  Нариман Жанәділұлы:    Елбасының  бес институционалды  Реформасының  мақсаты, кәсіби мемлекеттік аппарат құру, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру мен экономикалық өсім, біртектілік пен бірлік, есеп беретін мемлекетті қалыптастыру жайы өзек болған 100 нақты қадамда алдымен мемлекеттік қызметке қабылдау рәсімдерін жаңғырту, ол үшін мемлекеттік қызметке қабылдау төменгі лауазымдардан басталуы тиістігі сөз болады. Міне, осының бәрін  қарастыра келгенде, мемлекеттік қызметтің маңызы зор міндет екендігі, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру,  нақты қадам нақты істерге бастау жас мемлекеттік қызметкерге жүктеледі   деп шараны қорытындылады.