Мекеме туралы ереже

Маңғыстау облысы әкімдігінің

2015 жылғы «11» №66

қаулысымен бекітілді

 

«Маңғыстау облысының ветеринария  басқармасы»

мемлекеттік мекемесі туралы

 

ЕРЕЖЕ

«Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130000, Ақтау қаласы, 23 шағын аудан, № 100 ғимарат.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы:
      мемлекеттік тілде: «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде: государственное учреждение «Управление ветеринарии Мангистауской области».
      10. Осы Ереже «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      13. Жұмыс тәртібі «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесімен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес анықталады.

2. «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты дамытуға және жетілдіруге жәрдемдесу болып табылады.
      15. «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері:
      1) жануарларды аурулардан қорғау;
      2) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;
      3) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      4) облыс аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау;
      5) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауiпсiздiгi мен сапасын бақылау;
      6) жануарлар аурулары диагностикасының, оларға қарсы күрестің және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құралдары мен әдістерін әзірлеу және пайдалану;
      7) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою болып табылады.
      16. «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі оған жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
      2) ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      3) облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, Маңғыстау облысының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы қаулы жобасын әзірлеу;
      4) Маңғыстау облысының аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнінде ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін Маңғыстау облысының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы қаулы жобасын әзірлеу;
      5) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптаманы лицензиялау;
      6) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы қаулы жобасын әзірлеу;
      7) уәкілетті органмен келісім бойынша Маңғыстау облысының аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын дайындау;
      8) Маңғыстау облысының аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      9) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасына арналған ветеринариялық препараттарды сақтауды, оларды аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;
      10) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу), ветеринариялық паспортты дайындау жөнінде көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;
      11) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және процессингтік орталыққа ақпарат беру;
      12) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордың жүргізілуін ұйымдастыру;
      13) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру;
      14) Маңғыстау облысының шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      15) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
      16) облыс шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      17) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
      18) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
      ішкі сауда объектілерінде;
      жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
      ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларда;
      экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, Маңғыстау облысының шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
      тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;
      19) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      20) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;
      21) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды уәкілетті органға ұсыну;
      22) жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасына арналған ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, оларды сақтауды және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;
      23) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық және басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
      24) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
      25) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөнiндегі іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;
      26) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысу;
      27) профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы қаулы жобасын әзірлеу;
      28) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте ветеринария саласында өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өз қызметін өзге де атқарушы биліктің және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылда жүзеге асыру;
      2) заңнамада белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде, мемлекеттік мекемелер мен басқа да ұйымдардан (сұратулар негізінде) қажетті ақпараттық материалдарды алу;
      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес заңды және жеке тұлғалармен шарттар жасасу, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарға ие болу, мемлекеттік органдарда, ұйымдарда өз мүдделерін білдіру;
      4) «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша облыс әкімі мен әкімдігі қабылдайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ұсыныстар енгізу;
      5) басқа да ұйымдардың, басқармалардың және ведомстволардың мамандарын облыстың ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу үшін тарту;
      6) белгіленген тәртіппен эпизоотияға қарсы төтенше комиссиялар құру туралы ұсыныс енгізу;
      7) қалалар, аудандар әкімдіктерінің ветеринария саласындағы қызметін үйлестіру;
      8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтары мен міндеттер.

 

 

 

 

3. «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік

мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      18. «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын заңнамада белгіленген тәртіппен Маңғыстау облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
      2) «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы орынбасарларының, бөлімдер басшылары мен қызметкерлерінің міндеттерін, өкілеттіктерін белгілейді;
      3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
      4) «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
      5) заңнамада белгіленген тәртіппен «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
      6) «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бөлімдері туралы ережелерді және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      7) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
      8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
      9) ерлер мен әйелдерді басшылық қызметке ұсыну кезінде гендерлік теңгерімнің сақталуын қамтамасыз етеді;
      10) белгіленген тәртіппен қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджет қаражаттарының ұтымды және нысаналы орындалуын бақылайды;
      11) «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалар жобаларының және басқа да құжаттардың орындалу барысын бақылайды;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      22. «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін атқаруды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
      23. «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы бас мемлекеттік ветеринариялық дәрігер болып табылады, ал өзге де лауазымды адамдары мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер болып табылады.

 

4. «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      24. «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      25. «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      26. «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      28. «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.