Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 қарашадағы № 338 "Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы


Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 188 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 шілдеде № 3101 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 7-1/1031 "Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 қарашадағы № 338 "Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2898 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентінде:
      1 бөлімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
       "Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
      1) аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары арқылы жүзеге асырылады";
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Ветеринариялық анықтамалар беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентінде:
      1 бөлімнің 3-тармағы мынадай абзацпен толықтырылсын:
      "Берілген ветеринариялық анықтамалар туралы мәліметтер ақпараттық жүйеге енгізіледі";
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркеу нөмірлерін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
      1 бөлімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
      1) аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары арқылы жүзеге асырылады".
      2. "Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Ш. С. Хамиев) осы қаулының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р. М. Әміржановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Айдарбаев


      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Маңғыстау облысының ветеринария
      басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
      басшысы
      Ш. С. Хамиев
      "23" 06 2016 жыл.

Файлдар


Қазақша түрі.pdf
Русская версия.pdf